«КЕЛІСЕМІН»«БЕКІТЕМІН»
Атырау облысы Мәдениет Дина Нұрпейісова атындағы
және тілдерді дамыту Академиялық қазақ халық
басқармасының басшысы аспаптар оркестрінің басшысы
Ә. Жоламанов_____________ Х.Сүйекбаев _______________
« ___ »_______ 2024 ж.« ___ »________ 2024 ж.
Қазақстанның халық әртісі, профессор,
«Парасат» орденінің иегері,дәулескер күйші, белгілі дирижер
Рыспай Хисметұлы Ғабдиев атындағы ІІІ Республикалық дирижерлар конкурсының ережесі:
Өтетін орны: Атырау қаласы,Облыстық халық шығармашылық орталығы.
Өтетін уақыты:6-7-8 қараша 2024 жыл.
Конкурстың мақсаты:
Қазақ өнерінің дара тұлғаларының бірі, дүлдүл домбырашы, белгілі дирижер Рыспай Ғабдиевтің дирижерлық өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттаужәне жас таланттар мен дарынды дирижерлардың кәсіби шеберлігін арттыру.Өнер әлемінде жас дирижерлардың есімін ашу, қолдау.
Конкурстың шарттары мен үміткерлерге қойылатын талаптар:
Конкурс ІІ- кезеңнен тұрады.
I-кезең
- С. Мұхамеджанов «Шаттық Отаны»–міндетті.
- Оркестрмен жұмыс жасау (билеттер бойынша)
- Дина «16- жыл» -міндетті.
- Қазақстанкомпозиторларыныңбіршығармасы (Тізімде көрсетілген шығармалардан конкурсанттың қалауы бойынша)
- Вокалдықбіршығарманыоркестрменқостау (Тізімде көрсетілген шығармалардан конкурсанттың қалауы бойынша)
II-кезең
- Құрманғазы «Серпер» –міндетті. Оркестрге түсірген А.Жайымов.
- Халық композиторларының бір күйі (Тізімде көрсетілген шығармалардан конкурсанттың қалауы бойынша).
- Жеке аспап пен оркестрге арналған шығарма (Тізімде көрсетілген шығармалардан конкурсанттың қалауы бойынша).
- АрманЖайым«Орақ, Мамай» - міндетті.
Билеттер бойынша оркестрмен жұмыс жасауға арналған шығармалардың тізімі:
- Е.Брусиловский «Желдірме».
- М. Қойшыбаев «Советтік Қазақстан».
- К. Күмісбеков «Дала сыры».
- Н.Тілендиев «Алтын дән».
Конкурсқа қатысушының өз қалауы бойынша орындалатын шығармалардың тізімі
І-Қазақстан композиторларының шығармалары:
- С.Әбдінұров «Ордабасы».
- А.Жайымов«Ереуілатқаерсалмай».
- Е.Үсенов «Ұранкүй».
- Е.Құсайынов «Алтын Орда».
- Арман Жайым «»Алпамыс» балетінен «Жекпе-жек».
- Н.Бекенов «Орақты батыр».
- А.Сайжан «ХанКене».
ІІ-Вокалдық шығармалар:
- ЖаяуМұса«Сұршақыз».
- Сегіз сері «Гауһар тас».
- М.Ержанов «Қуанамын».
- А.Жұбанов «Қарлығаш».
- Е.Брусиловский «Қос қарлығаш»
- Н.Тілендиев«Келеркем, Алатауыңа».
- М.Төлебаев «Ақмарал сұлу, еркем ай».
- К.Күмісбеков «Аяулыменің, мекенім».
- С.Мұхамеджанов «Көктем вальсі».
- Л.Хамиди «Бұлбұл». Оркестрге түсірген А.Жайымов.
- А.Жайымов«Аққулар».
- Қ.Ахмедияров «Жер Ана».
- І.Жақанов «Балқантау».
ІІІ- Халық композиторларының күйлері:
- Құрманғазы «Ақбай». Оркестрге түсірген А.Жайымов.
- Дәулеткерей «Топан». Оркестрге түсірген А.Мырзабеков.
- Әшімтай «Қоңыр қаз». Оркестрге түсірген А.Мырзабеков
- Махамбет «Қайран, Нарын».Оркестрге түсірген А. Жайымов.
- Абыл «Нарату». Оркестрге түсірген А.Жайымов.
- Қорқыт «Елім-ай, халқым ай». Оркестрге түсірген Арман Жайым.
- Сүгір «Аққу». Оркестрге түсірген А.Мырзабеков.
IV-Жеке аспап пен оркестрге арналған шығармалар:
- Н.Тілендиев «Абай табиғаты».
- К.Күмісбеков «Поэма».
- А.Жайымов «Отпан тау».
- Е.Үсенов «Майра».
- Арман Жайым Домбыраға арналған концерт №3
Ескерту:
Конкурсқа қатысушы жеке аспапта орындаушымен әншіні өзімен бірге (қаражаты өзінен) алыпкелуіне болады.
І кезеңнен өтпеген конкурсант ІІ кезеңге жіберілмейді. Конкурсанттың кәсіби біліміне, мамандығына шектеу қойылмайды. Конкурсқа облыстық мәдениет бөлімдерінің, концерттік ұйымдары дирекциясының, оқу орындарының жолдамалары немесе ұсыныстары бойынша қатыса алады. Конкурсқа Қазақстанның өнер саласында ресми атағы бар немесе өзге дирижерлар конкурсында бас жүлде, бірінші жүлде алған үміткерлер қатынаса алмайды.Конкурсқа әрбір облыстан екі және өнер ұжымдарынан екі адамнан шақырылады. Жас шамасы 15-ден 40 жас арасы болуы керек. Конкурстың шарттары БАҚ беттерінде жарияланады.
Үміткерлердің тапсырыс құжаттары:
- Жеке куәлік көшірмесі.
- Қысқаша өмірбаян, түрлі түсті 10х15 фотосурет.
- Шығармашылық мінездеме.
- Оқитын немесе жұмыс жасайтын жерінен жолдама немесеұсыныс хат.
- Әр кезеңде орындалатын шығармалар тізімі.
- Ұялы телефон номері.
- 20 сандық банктік есеп-шоты.
Ұйымдастыру комитетінің құзіреті:
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен ұйымдастыру комитеті құрылады.
- Ұйымдастыру комитеті конкурстың ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын атқарып, оның жоғары өткізілуін қамтамасыз етеді.
- Конкурстың жарнамалық, баспа өнімдерін шығаруды ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей жұмыс істейді.
- Қазылар алқасының жүйелі де, нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
- Конкурсженімпаздарының шығармашылығын облыстық, республикалық ақпарат құралдары арқылы насихаттауға ықпал етеді.
- Қажет болған жағдайда облыстан қатысқан үміткерлерді анықтау үшін сараптама комиссиясы құрылады.
Конкурстың қазылар құрамы:
- Конкурстың қазылар құрамын облыстық мәдениет басқармасы келісімімен ұйымдастыру комитеті бекітеді.
- Қазылар алқасының құрамына алыс-жақын шет елдерден және республикаға белгілі өнер қайраткерлері шақырылады.
- Қазылар алқасы тағайындалған сыйлықтардың барлығын бірдей тағайындамауға немесе бір сыйлықты бірнеше орындаушыға бөліп беруге құқылы.
Марапаттау жүлделері:
Конкурс жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалады:
- Бас жүлде 1-(біреу)
- Бірінші жүлде және лауреат атағы: 1- (біреу)
- Екінші жүлде және лауреат атағы: 2-(екеу)
- Үшінші жүлде және лауреат атағы: 3-(үшеу)
- Көтермелеу жүлдесі
- Р.Ғабдиев атындағы арнайы жүлде.
Конкурсты қаржыландыру:
- Конкурс жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
- Қазылар алқасының барлық шығыны ұйымдастырушылар есебінен төленеді
- Әрбір облыстан қатысушылардың барып-қайту жол шығындары жіберуші жақтан төленеді.
- Жатын орнымен тамақ ұйымдастырушы жақтан.
- Тапсырыс құжаттары 2024 жылдың 11 қазанғадейін қабылданады.
Конкурстың өту мерзімі:
2024 жыл 6-7-8 қараша аралығы
Конкурсқа қатысушылардың келу мерзімі: 5 қараша 2024 жыл
Конкурстың І, ІІ, кезеңі 6-7-8 қараша күні және Конкурстың жабылуы мен гала- концерт Облыстық халық шығармашылық орталығында өтеді.
Конкурсты ұйымдастырушылар:Атырау облыстық әкімдігі, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 52
тел: 8(71 22) 20-93-26, 20-93-25. (факс)
E-mail: orc.dina_90@mail.ru
Жауапты қызметкерлер:
Басшының орынбасары Жеңіс Исмагулов 8701 605 10 18
Оркестрдің көркемдік жетекшісі
және Бас дирижер Болат Долдашов 8 775 913 36 89
Бас әкімші Айгерім Кубаева 8 771 495 85 45