«Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №126 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

            Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Заңының 25-2-бабына сәйкес Басқармаға орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша қосымша функцияны жүктеу мақсатында «Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №126 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.

            Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1564564

Дата публикации
12 августа 2024