Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №126 «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
14-тармақтың 31) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«31) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
Облыс әкімі С. Шәпкенов