2025 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобаларының тақырыптары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

2025 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобаларының тақырыптары  және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

 

№

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы

Жоспарланған сомасы (мың теңге)

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

 

10-сала. Мәдениет пен өнерді дамыту

1.

№ 015-155

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге төлеу»

Атырау қаласында «Қолөнершілер орталығын» ашу

45 000,0

Атырау қаласында «Қолөнершілер орталығы ашылады. Орталықта 9 ай бойы 12 қолөнерші тұрақты жұмыспен қамтылып, 100-ге тарта облыс тұрғындарына қолөнер түрлерін меңгертеді. Нәтижесінде, 100 адам қолөнерді меңгеріп (алаша тоқу, құрақ тігу, киіз басу, макраме, қуыршақ тоқу, кәде сый бұйымдарын жасау, зергерлік бұйымдар, керамикалық бұйымдар жасау)  арнайы сертификатқа ие болады.

Сонымен қатар, орталық мамандары (қолөнершілер) Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия мемлекеттерінен шақырылған қолөнер шеберлерінің шеберлік курстарына қатысып, шеберліктерін шыңдайды.

 

2.

№ 015-155

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге төлеу»

Атырау облысының ақын-жазушыларын,  киім дизайнерлерін, суретшілері мен қолөнершілерін қолдау мақсатында облыс әкімінің   2025 жылға арналған стипендиясы

20 000,0

Атырау облысының мәдениетін алыс-жақын шет елдерге танытып, шығармашылығы арқылы елдің мәдени дамуына ықпал етіп жүрген өңірдің  ақын-жазушылары,  киім дизайнерлері, суретшілері мен қолөнершілері  ынталандырылып, бір жолғы стипендияға ие болады.

Стипендия  12 адамға ( әр сала бойынша 3 адамнан) тағайындалады.

 

3.

№ 015-155

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге төлеу»

Креативті хаб ашу

210 000,0

 

Креативті хаб - креативті жобалары бар шығармашылық адамдардың 2 жыл бойы  бас қосатын орны болады.

Хаб орналасқан ғимаратта конференция залы, шеберханалар, кафетерий, «open space» жұмыс алаңы,  лэд-экранмен жабдықталған 80 адамдық  көрермен залы, дыбыс жазу студиясы және т.б. қамтылады.

Хабта  жыл бойы әр түрлі форматтағы кездесулер өтеді: әрбір іс-шараның пулі белгілі бір шығармашылық салаға арналады: дизайн, сән, өнер, музыка, қолөнер және т.б.

Креативті хабтың ұйымдастыруымен  15 креативті жоба жүзеге асып, 90 іс-шара ұйымдастырылады.

 

11-сала. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

4.

№ 015-155

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге төлеу»

Атырау қаласында «Киелі мекен»  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубын ашу

18 000,0

Атырау қаласында «Киелі мекен»  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы ашылады. Клубқа қабылданған  20 адам 9 ай бойы тұрақты түрде  жұмыспен қамтылады.

Клуб жұмысына өз кезегінде волонтерлар да тартылып отырады.

Клуб мүшелері  9 айы бойы Атырау қаласы мен  7 аудан көлемінде орнатылған  тарихи-мәдени мұра нысандарын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.

 

Жалпы соммасы (мың теңге)

293 000,0

 

 

Дата публикации
25 июля 2024