|
№ |
Мемлекеттік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Авторын көрсете отырып, ескертулер және (немесе) ұсыныстар (қысқаша мазмұны) |
Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы бойынша негіздемесі бар мемлекеттік органның қорытындысы |
|
1 |
Наурыз мерекесіне арналған республикалық ақындар айтысы |
Авторы: «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы -Ш.Кабиев. Атырау айтыскерлерін өзара айтыспен шыңдау. Атырау облысының тарихымен таныстыру. Чемпионат қорытындысы бойынша ең үздік ақындарды айқындау. Айтыс ақындарын республика деңгейіндегі ақындар қатарына көтеру. |
Қазіргі таңда Наурыз мерекесі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мәселен, оның ішінде айтыс та бар. Осыған орай, бір реттік өтетін іс-шараларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізу қажеттілігі жоқ. |
|
2 |
Айтыскер ақындардың шығармашылық кеші |
Авторы: «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы -Ш.Кабиев. Жергілікті ақындардың шығармашылығы насихатталады. |
Облыста айтысқа қатысты іс-шаралар басқармаға бағынысты мекемелер мен қала, аудан әкімдіктерімен өткізілуде. МӘТ аясында яғни, «Өңірдегі айтыскер ақындардың айтыстан чемпионат лигасы» жобасын іске асыру ұсынысы қабылданды, басқа айтысқа қатысты МӘТ жобалаы қабылданбады. |
|
3 |
«Сұлулық әлемді құтқарады» республикалық суретшілер симпозиумы |
Авторы: Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі –К.Жапалова. Симпозиум аясында жас суретшілерге шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. |
Жас суретшілерге арналған республикалық симпозиумдар өңірде Атырау облысы Ш.Сариев атындағы қолданбалы – сәндік өнер музейі арқылы өткізу дәстүрге айналған. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы өткізу қажеттілігі жоқ. |
|
4 |
«Оюлар сөйлейді» шығармашылық көрмесі |
Авторы: Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі–К.Жапалова. Көрме аясында қазақтың төл туындылары, ою-өрнегі насихатталады. Жас қолөнершілерге шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі қолөнершілер кеңінен тартылады. |
- |
|
5 |
Республикалық әдеби клубтардың әдеби-тәжірбиелік конференциясы |
Авторы: Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалы. Еліміздегі әдеби-шығармашылық клубтар арасында шығармашылық байланыс орнайды. Шығармашыл орта қалыптастырудың үлгілері бойынша тәжірбие алмасу көзделеді. |
- |
|
6 |
«Тұңғыш» сериясымен Атыраулық 10 жас қаламгерлердің жаңа кітаптарын дайындау және басып шығару |
Авторы: Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалы. Жастардың шығармашылық стимулын арттыру. Жастарды әдеби ортаға және халыққа таныстыру мақсатында жас ақындардың алғашқы кітаптары жарыққа шығады. |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің нұсқамасы бойынша кітап шығару мәселесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылмайды. |
|
7 |
«Сөз арқауы-Сарайшық» республикалық әдеби шығармалар байқауы |
Авторы: Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалы. Қазіргі таңда өзекті болып табылатын балалар әдебиеті жанданады және кеңінен насихатталады. Балалар әдебиетінде жаңа есімдер пайда болады. |
- |
|
8 |
Өңірдегі айтыскер ақындардың айтыстан чемпионат лигасы |
Авторы: «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы -Ш.Кабиев. Айтыс өнерін ел арасында насихаттау. Чемпионат қортындысы бойынша үздік ақындар қатары айқындалады. Жыр додасы телеарналарда насихатталады. |
- |
|
9 |
Атырау атырабындағы жыршылық-термешілік өнерді жаңғырту |
Авторы: ҮЕҰ өкілі –М.Тәж-Мұрат. Атырау жеріндегі жыршылық-термешілік өнерді жаңғырту, осы өнердің толық тарихын жасап, ерекшеліктерін ашу. |
Аталған ұсыныс ҮЕҰ арналған гранттар жобасына енгізу үшін ұсынылатын болады. |
|
10 |
Атырау атырабындағы дәстүрлі ән өнері және осы замандық танымал ән өнерін жаңғырту |
Авторы: ҮЕҰ өкілі –М.Тәж-Мұрат. Жоба алдымен Атырау әншілік дәстүрін, әншілік мектептерді кешенді зерттеп, оның тарихи-вокалдық ерекшеліктерін ашуды көздейді. |
9-тармақта көрсетілген мәселемен сипаттамасы ұқсас. Сондықтан, аталған ұсыныс мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жобалар енгізу үшін қабылданбады. |
|
11 |
Меңдекеш Сатыбалдиев пен Аманқос Ершуовтың екі томдық шығармалар жинағын шығару |
Авторы: ақын, филология ғылымының кандидаты -М.Ершу. Осы екі ақынның шығармаларын жарыққа шығару. |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің нұсқамасы бойынша кітап шығару мәселесі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылмайды |
|
12 |
«Атадан туған аруақты ер» атты поэтикалық кеш бағытында 10 шара ұйымдастыру |
Авторы: ақын, филология ғылымының кандидаты -М.Ершу. Жас ұрпаққа Махамбет шығармаларын дәріптеу арқылы туған жер, отансүйгіштік қасиеттерді ардақтай отырып, елдік рух пен кітап оқуға тәрбиелеу. |
Аталған ұсыныс ҮЕҰ арналған гранттар жобасына енгізу үшін ұсынылатын болады. |
|
13 |
Әсима Ізмұхамбетова атындағы республикалық күйшілер конкурсын ұйымдастыру |
Авторы: РҚБ «Күйшілер одағы» Атырау облысы филиалының жетекшісі - А.Тәттібайқызы. Халқымыздың күйшілік өнерінің тарихын ұлықтау, қазақтың сирек орындалатын күйлерін халыққа кеңінен насихаттау, күй мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, республикамыздағы күйшілердің кәсіби деңгейін шыңдау және өнер әлемінде жас күйшілердің есімдерін ашу, мәдени қарым – қатынас орнату. |
Аталған конкурсқа ұқсас іс-шаралар бар болуына орай, бір реттік өтетін іс-шараларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізу қажеттілігі жоқ. |
|
14 |
Өңірлік ақын – жазушылардың шығармаларын МӘТ арқылы жарыққа шығару |
Авторы: Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалы. Өңірлік ақын – жазушылардың шығармаларын МӘТ арқылы жарыққа шығару |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің нұсқамасы бойынша кітап шығару мәселесі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылмайды |
|
15 |
Жас ақын-жазушылардың еңбектерін баспадан шығару |
Авторы: Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалы. Жас ақын – жазушылардың еңбектерін жарыққа шығару. |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің нұсқамасы бойынша кітап шығару мәселесі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылмайды |
|
16 |
«Алтын орда аламаны» әлеуметтік тапсырыс жобасы |
Авторы: «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы -Ш.Кабиев. Халықтың салт-дәстүрін қалпына келтіру, ақындар айналасында өнерпаздар мен спортшыларды топтастырып сайыстыру арқылы халық арасында олардың өнерлерін насихаттау |
Облыста айтысқа қатысты іс-шаралар басқармаға бағынысты мекемелер мен қала, аудан әкімдіктерімен өткізілуде. МӘТ аясында яғни, «Өңірдегі айтыскер ақындардың айтыстан чемпионат лигасы» жобасын іске асыру ұсынысы қабылданды, басқа айтысқа қатысты МӘТ жобалаы қабылданбады. |
|
17 |
«Ақындар келді ауылға» әлеуметтік тапсырыс жобасы |
Авторы: «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы -Ш.Кабиев. Атырау ақындарының арасында өзара қарым-қатынасын арттыру, жергілікті ақындарына Атырау өңірінің тарихи-мәдени жерлерінен мағұлматтар беру. Ақындардың қатысуымен айтыстар, рухани кештер ұйымдастыру. |
Облыста айтысқа қатысты іс-шаралар басқармаға бағынысты мекемелер мен қала, аудан әкімдіктерімен өткізілуде. МӘТ аясында яғни, «Өңірдегі айтыскер ақындардың айтыстан чемпионат лигасы» жобасын іске асыру ұсынысы қабылданды, басқа айтысқа қатысты МӘТ жобалаы қабылданбады. |
|
18 |
Атыраудағы айтыс өнері мен айтыскерлерін YouTube желісінде насихаттау |
Авторы: «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы -Ш.Кабиев. Айтыстың ардагер ақындарымен ай сайын тұрақты түрде сұхбат ұйымдастру. Айтыскерлер ютуб арқылы онлайн айтыстың мақамдарын үйрету. Айтыскер ақындар қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге қатысты домбырамен үн қосып, ютубқа шығып отыру. |
Облыста айтысқа қатысты іс-шаралар басқармаға бағынысты мекемелер мен қала, аудан әкімдіктерімен өткізілуде. МӘТ аясында яғни, «Өңірдегі айтыскер ақындардың айтыстан чемпионат лигасы» жобасын іске асыру ұсынысы қабылданды, басқа айтысқа қатысты МӘТ жобалаы қабылданбады. |
|
19 |
Ә.Сәрсенбаев, Х.Ерғалиев, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова, М.Сатыбалдиев, З.Серікқалиев, З.Қабдолов, М.Отаралиев, Р.Отарбаев, Е.Домбаев және т.б атындағы арнайы грант, стипендия тағайындау |
Авторы: Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалы. Атырау өңірінде әдебиет алыптарының атындағы арнайы грант, стипендия тағайындау. |
- |