«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекесі туралы Ережені бекіту туралы

«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздеме:

«Мемлекеттік мүлік туралы»   Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі , оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай– ақ қажет болған жағдайда-облыстық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп айырысулар, қаржыландыру көзіне сілтеме, облыстық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру қаражат шығыстарын қажет етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту  басқармасының ережесін бекіту.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Мәліметтер жоқ.

  1. Қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

Ол қабылданған жағдайда басқа нормативтік құқықтық актілерді жобаға сәйкес келтіру талап етіледі.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні)

Орналастырылған (06.06.2023 ж.)

  1. Тауарлар Саудасына, қызметтер көрсетуге немесе зияткерлік меншік құқығына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат

Талап етілмейді.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Әкімдік актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерліктің аккредиттелген объективті субъектілерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Талап етілмейді.

Дата публикации
06 июня 2023