14 наурыз Көрісу күніне күніне арналған іс-шара ақпараты

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Көрісу күніне орай театр ғимаратының алдында "Амал келді - жыл келді" атты мәдени көпшілік, театрландырылған іс-шара өтті. Театр алаңы тақырыпқа сай көркем безендірілді. Іс-шараға қала халқы көп жиналды.Іс-шара бастан-аяқ театрландырылған көрініс арқылы өрбіп, халық әні, би, айтыс өнерінен үзінділер, көрісу салттары көрсетілді. Әдеби -музыкалық монтажда тарихи кейіпкерлер, Қыдыр ата , батырлар, ақындар «Көрісу» мерекесінің мағынасы туралы түсінік берді.  Көрініске 62 актер және  облыстың үздік өнерпаздары, әншілер, бишілер ұжымы қатысты. Шара аясында Атырау облысы әкімі С.Шәпкенов сөз сөйлеп, қала халқын Көрісу мерекесімен құттықтады. Көрермендерге шашу шашылып, ыстық бауырсақ, көжелер таратылды. Мереке соңы Қыдыр атаның бата беруімен аяқталды.

 

Дата публикации
18 апреля 2023