1 наурыз- Алғыс айту күні мерекесіне арналған салтанатты шараның ақпараты

1 наурыз- Алғыс айту күні мерекесіне арналған

салтанатты шара

 

 

Алғыс айту күні - Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының белгісі. Бұл - Тәуелсіз елінің ұлағатты өткеніне тағзым,     Жаңа Қазақстанның  бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.

Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.

Осы мақсатта 2023 жылдың 1 наурызында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында  Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев қатысып, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.

    Сондай-ақ, Атырау өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген,  жасаған ісіне жоғары баға алуға лайық бірнеше азаматтардың ерліктері, еңбектері туралы деректер  лэд экран арқылы көрсетілді.

     Мерекелік концерттік бағдарламада Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының әртістері, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының өнерпаздарымен қатар, Жылыой ауданы «Жем Аруы» халықтық би ансамблі және Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп гимназия – интернатының «Еркем-ай» балалар хоры өнер көрсетті.

Дата публикации
07 апреля 2023