Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы                       № 70 бұйрығы негізінде «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі»  коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Баймұханов көшесі №16 үй.

Лауазымдық міндеттері:

Ұйымға (бұдан әрі – ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;

мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;

қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды шығаруды ұйымдастырады; 

қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың  концерттердің жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;

Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

басшы орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;

шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;

бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  

білімі:

кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

жұмыс өтілі:

1) республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдары үшін:

мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы №470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Конституция);

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (бұдан әрі – Бюджет кодексі);

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі);

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі)

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын  (бұдан әрі – дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары);

ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық    жағдайы    туралы анықтаманы;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап                     15 (он бес)  күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

       Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 9, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Анықтама телефоны: 8(7122)  32-35-50.

           Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде  конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін  бекітеді және  10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді  өткізеді.

 

Дата публикации
28 февраля 2023