Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 2022 жылдың 9 айлық есебі бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Атырау облысы архиві және қалалық, аудандық филиалдары көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде «Электронды әкімшілік» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.
- Атырау облысы мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық филиалдары бойынша 2022 жылдың 9 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 6355. Мемлекеттік корпорация арқылы –3118. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1189. Қызмет беруші арқылы (қағаз түрінде) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2048.
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы қағидасына сай қызмет атқарады.
- Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша:
- 2022 жылға арналған «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөніндегі медиа - жоспарға сәйкес, 2022 жылдың 26 қаңтар күні Атырау облысы мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы «Мемлекеттік қызмет-заманауи міндет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
- Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2022 жылдың 3 ақпанында Атырау газетінің №8 санында Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 2021 жылдың жылдық есебі бойынша талдамалық анықтамасы» атты мақала жарияланды.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы 2022 жылдың 3 ақпанында «Серпер» газетінің №5 (13545) санында «Халықтың көңілінен шығу – міндетіміз» атты тақырыпта мақала жарияланды.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы 2022 жылдың 18 ақпан күні «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Индер аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы 2022 жылдың 25 наурыз күні «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі тақырыбында Facebook әлеуметтік желісіне мақала жариялады.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы 2022 жылдың 1 сәуір күні «Мақат тынысы» газетінің №13 санында «Архивтік ақпарат қалай алынады» атты мақала жариялады.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Жылыой аудандық филиалы 2022 жылдың 17 мамыр күні «Кең Жылыой» газетінің №21 санында «Мұрағат – ел игілігіне» атты мақала жариялады.
- Атырау облысы мемлекеттік архиві 2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Атырау» газетінің №69 санында «Басты міндет-қызмет сапасын арттыру» атты мақала жариялады.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Исатай аудандық филиалы 2022 жылдың 29 қыркүйегінде «Нарын таңы» газетінің №40 санында «Архивтік анықтама қалай беріледі?» атты мақала жариялады.
Қазақстан Республикасы Мемлекттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында келесідей іс-шаралар өткізілді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы 2022 жылы 25 наурыз күні қызмет беруші органдармен көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдерін халыққа түсіндіру мақсатында семинар өткізді.
- Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету мақсатында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Исатай аудандық филиалы 2022 жылдың 25 наурызында мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Атырау қалалық филиалы 2022 жылдың 19 сәуір күні «Атырау» газетінің №28 санында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрі» атты мақала жариялады.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Атырау қалалық филиалы 2022 жылдың 21 сәуірінде Электронды түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдерін халыққа түсіндіруді ұйымдастыру мақсатында онлайн жәрмеңке өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Жылыой аудандық филиалы 2022 жылдың 21 сәуір күні «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекеттік қызметін электрондық түрде алу» тақырыбында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Атырау қалалық филиалы 2022 жылдың 26 сәуірінде Электронды түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдерін халыққа түсіндіруді ұйымдастыру мақсатында қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архиві 2022 жылдың 25 мамыр және 8 маусым күндері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша онлайн қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы 2022 жылдың 14 және 15 қыркүйек күндері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша семинар және қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы 2022 жылдың 26 және 27 қыркүйек күндері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша онлайн жәрмеңке және тікелей эфир өткізді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Қызылқоға аудандық филиалы 2022 жылдың 13,14 және 15 қыркүйек күндері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу бойынша өзіне-өзі қызмет бұрышынан қызмет алу бойынша нұсқаулық дайындалып, түсіндірме жұмысын, тікелей эфир және қызметтер жәрмеңкесін өткізді.
2022 жылдың 2-3 маусым күндері аралығында Астана қаласының Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбындағы оқу курсынан Атырау облысы мемлекеттік архивінің және оған қарасты Атырау қалалық филиалының бөлім басшылары Зинуллина Анаргүл Ғайнуллақызы және Әділғалиева Рита Әлібекқызы біліктіліктерін арттырды.
Архивтер жұмысын
қамтамасыз ету бөлімі