Жылдық есеп

Атырау облысының мәдениет және өнер мемлекеттік мекемелер жүйесінде 244 мекеме желісі бар (1 театр, 2 концерттік ұйым,143 кітапхана, 82  клубтық мекеме, 14 музей, 1 халық шығармашылығы орталығы,  1 тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы).

Атырау облысының мәдениет ұйымдарында 2756 қызметкер еңбек етуде. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны - 1356. Мәдениет ұйымдарына 2022 жылы 65 шығармашылық қызметкер жұмысқа қабылданды. Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 2 облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды.  2022 жылы мәдениет саласының 17 қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.

Өңір бойынша 82 клубтық мекеме жұмыс жасайды, оның ішінде 76-і ауылдық жерлерде орналасқан.  «Халықтық»   атағы бар ұжымдар саны - 55. Жыл басынан бері клубтық мекемелермен 4615 іс-шара өткізілді (офлайн, онлайн режимдерінде).

Облыста 8 мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде (оның ішінде 5 нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда).

6 мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 нысанда жалғасуда.

Облыс бойынша 143 кітапхана жұмыс жасайды, оның ішінде 120-і ауылдық жерде орналасқан. Жалпы кітапхана қоры- 2 531 684 бірлікті құрайды. Оның ішінде 38016 құжат цифрлық форматқа көшірілген. 2022 жылы кітапхана қоры  31 531 дана жаңа әдебиетпен толықты.

Облыстың кітапханаларында 149762 оқырман тіркелді. Сонымен қатар, 8121 іс-шара өткізіліп, оның ішінде 3463 кітап көрмесі насихатталды. Республикалық «Бір ел - бір кітап - 2022» акциясы аясында 764 шара өткізілді.          Кітапханаларда 15 коворкинг орталықтары қызмет көрсетуде.                                2 кітапханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыста 15 музей мекемесі (1-і республикалық) халыққа қызмет көрсетуде. Музейлерде 129 240 жәдігер сақталған. Экспонаттардың 33 328 данасы цифрлық форматқа көшірілген. 3Д форматқа көшірілген экспонаттар саны – 255. Жүргізілген экскурсия саны-1996.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Атырау өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында Аралтөбе, Миялы, Борсық, Қылыш, Сарықамыс, Иманқара, Құдайберген қорғандарынан табылған б.з.д. IV ғасыр мен б.з. XI ғасыр аралығын қамтитын жәдігерлер орналасқан «Археология» экспозициялық залы қайта жасақталып ашылды.

Халық Қаһарманы  Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты республикалық және облыстық көшпелі көрмелер өткізілді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі мекемесімен 2 археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді (Қызылқоға және Құрманғазы аудандарында).

Облыста мемлекеттік тізімге енгізілген 317 тарихи-мәдени ескерткіштері бар. Оның 4-і республикалық деңгейдегі ескерткіштер. Алдын-ала есепке алу тізімінде 1133 тарихи-мәдени мұра объектілері бар. 2022 жылы 62 ескерткіш жаңадан анықталды.

 Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығымен Сарайшық қалашығына және Тасқара қорғанына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші «Таскран» шекаралық белгісіне реставрация жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай, мекеменің құрылған күнінен бастап бүгінге дейінгі тарихы, атқарған қызметі туралы ақпараттар мен фото-суреттер көрініс тапқан кітап-альбом жарыққа шығарылды.

Театр мәдениет ошағы, өнер ұйытқысы. Облыстық Махамбет атындағы  академиялық  қазақ  драма театры өңірдегі атағы мен сәулеті келіскен бірден-бір өнер ордасы. 2022 жылы театр қоржыны 5 жаңа қойылыммен толығып, 50 спектакль сахналанды, оған 14061 көрермен қамтылды.

Облыста екі бірдей концерттік ұйым бар. Олар Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы. Олардың құрамында «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі, «Нарын» халық аспаптар оркестрі, «Інжу-Маржан» би ансамблі, «Ара-Атырау» әзіл-сықақ театры, эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрі, «Мұрагер» фольклорлық амсамблі, қобызшылар квартеті және жеке орындаушылардан тұратын әртістер тобы өнер көрсетеді. 2022 жылы концерттік ұйымдардың репертуары отандық және шетел композиторларының 100-ге тарта шығармаларымен толықты. Жыл басынан бері концертік ұйымдармен 127 концерт қойылып, оған  38 316 көрермен қамтылды.

           Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру мақсатында қазіргі уақытта балаларға арналған шығармашылық үйірмеде 26 бағыт бойынша (Домбырамен ән айту, халық аспаптары, хормен ән айту, ұлттық (халықтық) билер, эстрадалық вокал, киімдерді үлгілеу, пішу және тігу, домбыра, заманауи (эстрадалық) билер, актерлық өнер, хореографиялық ансамбль, кескіндеме, сурет салу, батик, ораторлық өнер, дефиле өнері, визаж, грим және т.б)                6 мыңнан астам бала қатынасуда. Өнім берушілер  (кәсіпкерлер) саны – 32.

  Шығармашылық және өнер өкілдерінің жетістіктерін ілгерілету және жас өнерпаздарды танымал ету мақсатында жыл басынан бері 500-ге тарта мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде халықаралық, республикалық конкурстар, конференциялар, концерттер мен көрмелер т.б. ауқымды шаралар бар.

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы шеңберінде Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі 2022 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын мерекелеуге арналған іс-шараларды жалғастыру мақсатында Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Германияның Федералдық сыртқы істер министрлігімен және «Minz GmbH» агенттігімен бірлесіп Германия елінің Берлин және Ганновер қалаларына гастрольдік сапармен барды.

 «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы аясында облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында қайсар ақын, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты поэзия кеші өтті. Сондай-ақ, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты тақырыппен кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Р.Отарбаев атындағы IV республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы – Хиуаз Доспанова» тақырыбында республика көлемінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларында көшпелі көрме ұйымдастырылды.

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай өңірдегі мәдениет үйлерінде түрлі бағыттағы мерекелік кештер, апталықтар, кітапханаларда ақпараттық сағаттар, портреттік кеш, танымдық сағаттар және кітап көрмелері ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстанның Халық әртісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән өлкесінің еркесі» тақырыбында ақпараттық сағат  ұйымдастырылды.

 

 

Дата публикации
06 января 2023