«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры»  коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 8 а.

Қызмет түрі: театрлық қойылымдарды жасауды, көпшілік алдында орындауды және (немесе) көпшілік алдында көрсетуді жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдастыру (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік, фестивальдар, шығармашылық кештер және өзгелері); театр мәдениетінің өзіндік болмысын, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту; театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету; театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығармашылық ұжымның гастрольдік қызметін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:    

Педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурса қатысушы Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынандай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық    жағдайы туралы  анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап  15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

Атырау қаласы. Азаттық даңғылы, 9 Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Анықтама   телефоны:8(7122)  32-35-50.

Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс  күні ішінде  конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін  бекітеді және 10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді  өткізеді.

 

Дата публикации
18 ноября 2022