Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Атырау қаласы 2022 жылғы 28-30 қыркүйек
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының (әрі қарай – басқарма) 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №06-01-16-05-26/81 бұйрығы негізінде 2022 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-экономикалыққызмет бөлімі (әрі қарай – Бөлім) жұмысына ішкі талдау жүргізілді.
Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы зерделенді.
Көрсетілген құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.
Бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің жұмысын талдау нәтижесінде мәдени шараларын қаржыландыруды реттейтін заң нормаларының жоқтығы анықталды.
Атап айтқанда, басқарма бойынша мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспары жасақталып, басқармаға қарасты мекемелер арқылы өткізілуде. Бұдан бөлек күні бүгінге әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық ұйым өкілдерінің ұсынысы негізінде тиісті мәдени шараларды өткізуге ұсыныстар келіп түскен. Мысалы, «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы Ш.Қабиевтің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №ЗТ-2022-02419895 облыс әкіміне жолдаған өтінішінде «Егемендігім – ерен елдігім» атты республикалық ақындар айтысын өткізуге қолдау көрсетуді сұраған. Ол өз өтінішінде облыс әкімінің 2022 жылғы 20-тамыздағы айтыскер ақындармен кездесуінің №06-01-01-01-3/22 хаттамалық тапсырмасының 2.1. тармағын орындауды талап етіп, жоғарыда аталған айтысты ұйымдастыру және өткізу бойынша тиісті шаралар алуды сұраған. Айтыстың сметасы осы қоғамдық қордың ұсынысы бойынша 20 млн бағаланған. Оның ішінде бюджет қаржысының көп бөлігі айтыс саласындағы белгілі тұлғалардың қаламақысына жұмсалатыны көзделген. Ал, Басқарма ол сметаны қандай да нормативтік – құқықтық актілерге сүйене отырып, бюджет қаржысын тиімді бөлу мақсатында ешқандай әрекет ете алмайды. Себебі бекітілген тиісті заңды қағида болмай отыр.
Осыған байланысты, мәдени-көпшілік іс-шаралардың қаржылық шығындарын реттейтін заң нормаларының болмауынан әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестік туындамай отырғандығы және бағалық ұсынымдарының қаржылық шығындары көтерілуі арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратын жағдайлар байқалды.
Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер қарастырылды:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Персоналды басқару бойынша:
Бөлімнің 3 штаттық бірлік қарастырылған (бөлім басшы, 2 бас маман).
Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша аффилиирленген тұлғалар анықталмаған.
Бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілмейді, бақылау және рұқсат функциялары атқарылмайды.
Бөлімде атқарылатын жұмыстар арнайы веб-сайттарға ақпарат құралдарында жарияланды:
Ашық бюджет - budget.egov.kz, gosreestr/kz.
Бөлімге қатысты талдау кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түспеген.
Бөлімнің жұмысын талдау нәтижесінде мәдени шараларды қаржыландыруды реттейтін заң нормаларының жоқтығы анықталды.
Атап айтқанда, Мемлекеттік мәдениет ұйымдары арқылы ұйымдастырылатын шараларға шақырылатын мәдениет, өнер адамдарының қаламақысының (гонорары) мөлшерінің шекті мәні айқындалмаған, реттелмеген. Шешу жолы: Облыс көлемінде ұйымдастырылатын шараларға шақырылатын мәдениет, өнер адамдарының қаламақысы (гонорары) мөлшерінің шекті мәнін айқындайтын тиісті нормативтік-құқықтық акт (қағида, ереже) дайындап бекіту. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы хат жолданды. Нәтижесі белгісіз.
Көрнекті қоғам және өнер қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың 100 жасқа дейін мерейтойларын (50,60,70,80,90 жастарды атап өту) мерекелеудің шарттары мен тәртібі қолданыстағы заңнамалармен нақты реттелмеген. Шешу жолы: Облыс көлемінде ұйымдастырылатын көрнекті өнер қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың 100 жасқа дейін мерейтойларын мерекелеудің шарттары мен тәртібін айқындайтын тиісті нормативтік-құқықтық акт (қағида, ереже) дайындап бекіту. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы хат жолданды. Нәтижесі белгісіз.
Облыстық мәдениет ұйымдарының Халықаралық сипаттағы іс-шараларды, конкурстар мен фестивальдерді, концеренцияларды өткізуге құзыреті жөнінде қолданыстағы Мәдениет туралы заңда нақты көрсетілмеген. облыстық мәдениет ұйымдарының Халықаралық сипаттағы іс-шараларды, конкурстар мен фестивальдерді, концеренцияларды өткізуге құзыретін айқындайтын норманы қолданыстағы заңнамаға енгізу. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы хат жолданды. Нәтижесі белгісіз.
Осы мәселелер тиісті қаржылық тексеру органдары тарапынан қатаң сынға алынып, қаржылық бұзушылық ретінде танылуда. Соның салдарынан мәдениет саласы түрлі сыни пікірлерге және әлеуметтік желілерге жарияланған әртүрлі мақалаларға арқау болып отырғаны да белгілі болды.
Осыған байланысты 2022 жылдың 1-желтоқсанға дейін бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмем бөлімі бұл мәселені шешу үшін саланың уәкілетті органы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен мәдениет, өнер адамдарының қаламақысы (гонорары) мөлшерінің шекті мәнін және көрнекті өнер қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың 100 жасқа дейін мерейтойларын мерекелеудің шарттары мен тәртібін айқындайтын тиісті нормативтік-құқықтық акт (қағида, ереже) бекітілуі қажет. Ол болмаған жағдайда, өңірлік мәслихаттың қарауына ұсынып, бекітіп беру жөнінде жоғарғы тұрған органға қайта сұраныс жолдау ұсынылады.
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмысты үйлестіру және жауаптылық жүктелген жауапты тұлға: |
А.Жылқыбекұлы |
|
|
|
|
Таныстырылды: |
|
|
Бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің басшысы |
А.Сағиева |
|
|
|
|
Бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің бас маманы |
Г.Джумагазиева |