Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн авторларының бірі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің
«Елім менің!»
атты республикалық байқауын өткізу ережесі
1.Жалпы ережелер
- Атырау облысы әкімдігі Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын халық, әсіресе жастар арасында насихаттау, оның шығармашылығы арқылы адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 2022 жылғы қазанда «Елім менің!» атты Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізеді.
- Байқауға 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.
- Бұрын осы байқауға қатысқандар, кәсіби актерлар, өнер саласының кәсіби мамандары байқауға қатыстырылмайды.
- Байқауды өткізудің тәртібі
- Атырау облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
- Байқауды өткізу туралы хабарландыру облыстық, республикалық БАҚ-та жарияланады және Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.
- Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:
1) поэзиялық шығарма оқу;
2) прозалық шығармадан үзінді оқу;
- Байқау шарттары:
1) мәтінді оқу уақыты 5 минуттан аспауы керек;
2) дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
3) үміткерлер Жұмекен Нәжімеденовтің поэзиялық және прозалық шығармаларының бірнеше мәтіндерін жатқа білулері қажет. Таңдалатын мәтіндердің ел, туған жер, отансүйгіштік тақырыптарында болуы құпталады.
8. Республикалық байқауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының өкілдері (бір-бірден) қатыстырылады. Оларға жергілікті облыстық әкімдіктері жолдама береді.
- Байқауға қатысушыларды бағалау
- Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың Ережеде көрсетілген талаптарды орындауын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.
10.Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерийлерді басшылыққа алады:
1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;
2) дауыс мәнері және тіл тазалығы;
3) көркем мәтінді таңдау талғамы;
4) сахнада өзін-өзі ұстауы;
5) сахналық киім сәні.
- 11. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен марапатталады және қаржылай сертификаттар табысталады.
- Байқауға республиканың барлық өңірлерінен келетін қатысушылардың шығындары (жол, қонақүй, тамақтану) ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Ұшақ және «Тальго» жүрдек пойызы төленбейді.
- Жергілікті жерлердегі облыстық (республикалық маңызы бар қалалық) әкімдіктер қатысушылар туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі, жұмыс, оқу орны, байланыс телефондары), оқитын шығармаларының атауын 2022 жылғы 17 қыркүйекке дейін ресми жолдама хатпен Басқармаға жолдайды.
- Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77;
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Байланыс телефондары: 8(7122) 35 45 36, 35 45 68 .
E-mail: til_atb@mail.ru, i.zhumagalieva@atyrau.gov.kz