«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  №1017 бұйрықтары

«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысы лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды. Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 9.

Қызмет түрі: археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу және ұйымдастыру. тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу және есепке алу жөнінде жұмыстарды жүргізу. тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді  ұйымдастыру. тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімін және есептік құжаттарын (паспорттар) дайындау жұмыстарын жүргізу. тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау жұмыстарын жүргізу. тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарихи-мәдени сараптама жүргізу, тарих және мәдениет ескерткіштері мен олардың қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлеріне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын қарауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (құқық) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурса қатысушы білуі тиіс: Конституцияны. Бюджет кодексін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін. Еңбек кодексін. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық    жағдайы туралы  анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап  15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

       Атырау қаласы. Азаттық даңғылы, 9 Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және басқармасы, Анықтам  телефоны:8(7122)  32-35-50.

           Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс  күні ішінде  конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін  бекітеді және  10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді  өткізеді.

Дата публикации
27 сентября 2022