«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  №1017 бұйрықтары негізінде «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды. Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Досмұхамбетов көшесі, 21.

Қызмет түрі: облыстың мемлекеттік архивіне сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың  құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру. Облыстың мемлекеттік архивінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану. Құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру. Облыстың мемлекеттік архивінде сақталатын  Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың  құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру. Облыстың Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:    

Кадрларды даярлаудың "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.

      Конкурса қатысушылар білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы",  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлерді; архив ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, заманауи ақпараттық технологияларды;  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістерін; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық    жағдайы туралы  анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап  15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

       Атырау қаласы. Азаттық даңғылы, 9 Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және басқармасы, Анықтам  телефоны:8(7122)  32-35-50.

           Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс  күні ішінде  конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін  бекітеді және  10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді  өткізеді.

Дата публикации
27 сентября 2022