Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2022 ж 1 тоқсан есеп

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 2022 жылдың І-тоқсаны есебі  бойынша  есебінің талдамалық анықтамасы

Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Атырау облысы архиві және қалалық, аудандық филиалдары көрсетеді.

Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде                  «Электронды  әкімшілік»  ақпараттық  жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.

  1. Атырау облысы мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық филиалдары бойынша 2022 жылдың І-тоқсаны бойынша  көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 1633.  Мемлекеттік корпорация арқылы – 742. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 286.   Қызмет беруші арқылы (қағаз түрінде) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 605.         
  2. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы қағидасына сай қызмет атқарады.
  3. Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.
  4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша:
  5. 2022 жылға арналған «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөніндегі медиа - жоспарға сәйкес, 2022 жылдың 26 қаңтар күні Атырау облысы мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы «Мемлекеттік қызмет-заманауи міндет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
  6. Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2022 жылдың 3 ақпанында Атырау газетінің №8 санында Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 2021 жылдың жылдық есебі бойынша  талдамалық анықтамасы» атты мақала жарияланды.
  7. Атырау облысы мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы 2022 жылдың 3 ақпанында «Серпер» газетінің №5 (13545) санында «Халықтың көңілінен шығу – міндетіміз» атты тақырыпта мақала жарияланды.  
  8. Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы 2022 жылдың 18 ақпан күні «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Индер аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.  
  9. Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы 2022 жылдың 25 наурыз күні «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі тақырыбында Facebook әлеуметтік желісіне мақала жариялады.                    

         Қазақстан Республикасы Мемлекттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында келесідей іс-шаралар өткізілді.

  1. Атырау облысы мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы 2022 жылы 25 наурыз күні қызмет беруші органдармен көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдерін халыққа түсіндіру мақсатында семинар өткізді.    
  2. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету мақсатында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Исатай аудандық филиалы 2022 жылдың                   25 наурызында мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» өткізді.         

Бас маман                                                                                       А.Джумагалиева

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2022 ж 1 тоқсан есеп
Дата публикации
27 мая 2022