Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 2021 жылдың жылдық есебі бойынша есебінің талдамалық анықтамасы
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бойынша «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын, оның ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор базасы» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.
1.2021 жылдық жылдық есебі бойынша «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 16 өтініш, оның ішінде 6 өтініш қағаз түрінде және 10 өтініш «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор базасы» ақпараттық жүйесі арқылы түсті.
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бағытындағы 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарынының 1-ші тармағы бойынша «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету жөніндегі бейнеролик дайындап, әлеуметтік желілерге жариялады.