Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау қорытындысы бойынша 2021 жылдың 25 мамырдағы
жай-күйі туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Атырау облысы әкімінің 2021 жылғы
9 наурыздағы №76-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» және 2021 жылғы
2 сәуірдегі №121-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімдеріне сәйкес, Атырау облысының мемлекеттік органдарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне 2020 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 25 мамыр аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 25 мамыр күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:
Облыстық басқармалар
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы
15 желтоқсандағы Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы
1998 жылғы 22 желтоқсандағы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»2019 жылғы 26 шілдедегі №288-VI Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
№120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы
31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;
- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;
- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№1127 қаулысы;
- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 желтоқсандағы №939 қаулысы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың жалпы штат саны 14 бірлікті құрайды, қазіргі таңда бос лауазымдар жоқ.
Басқарма басшысы 2020 жылдың 25 маусымынан бері тұрақты қызмет атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 25 мамыр жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) Қазіргі таңда басқармамен 4 бірдей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Жалпы көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат басқарма ғимаратында орнатылған арнайы стендте орнатылған.
Олар:
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқармада рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;
5) бақылау функцияларын іске асыру – басқармада 2020 және 2021 жылдың 1 тоқсанында бақылау функциясы іске асырылмаған;
Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;
7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері –басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болды, яғни басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің бас маманына бюджеттік өтінімдерді жасақтау барысында қателік жібергендігі үшін ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілік қаралды;
11) сот актілері – басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмысты үйлестіру және жауаптылық жүктелген жауапты тұлға:
___________________А.Жылқыбекұлы