2021 жылдың 12 айы бойынша СТК-ның ақпараты
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Сараптау-тексеру комиссиясына (бұдан әрі - СТК) 2021 жылы 12 айында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден 320 мекеме құжат тапсырды.
2021 жылы 12 айында барлығы - 47 534 с.б. құжат СТК-н өтті. Атап айтар болсақ, 29 558 с.б. - тұрақты сақталатын, 17 725 с.б. - жеке құрам бойынша, 51 с.б.- жеке тектік, 151 с.б. - фотоқұжат, 23 с.б. - бейнеқұжат, 26 с.б. – фоноқұжат.
Оның ішінде облыс мемлекеттік архив қорларына мемлекеттік сақтауға қабылданған құжаттар саны – 15 258 с.б. құжат.
Сонымен қатар, 121 - істер номенклатурасы, 101 - сараптау комиссиясы туралы Ереже, 68 - ведомстволық архив туралы Ереже, 241 511 іс - жою актілері СТК-мен келісілді.
Есепті мерзімде СТК-на тапсырылған 84 мекеменің құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №575 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, СТК-нан өтпей, кері қайтарылды