2021 жылы 1 жартыжылдықта СТК-сы бойынша ақпарат
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Сараптау-тексеру комиссиясына (бұдан әрі - СТК) 2021 жылы 1 жартыжылдығында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден 201 мекеме құжат тапсырды.
2021 жылы 1 жартыжылдығында барлығы - 30 042 с.б. құжат СТК-н өтті. Атап айтар болсақ, 15 377 с.б. - тұрақты сақталатын, 14 462 с.б. - жеке құрам бойынша, 30 с.б.- жеке тектік, 129 с.б. - фотоқұжат, 15 с.б. - бейнеқұжат, 3 диск – электрондық архив қоры, 26 с.б. – фоноқұжат. Оның ішінде облыс мемлекеттік архив қорларына мемлекеттік сақтауға қабылданған құжаттар саны - 6 100 с.б. құжат.
Сонымен қатар, 81 - істер номенклатурасы, 68 - сараптау комиссиясы туралы Ереже, 40 - ведомстволық архив туралы Ереже, 64 150 іс - жою актілері, 2235 карточка 1899 іс - каталогтау жұмыстары бойынша СТК-мен келісілді.
Есепті мерзімде СТК-на тапсырылған 49 мекеменің құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №575 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, СТК-нан өтпей, кері қайтарылды.