«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2021 жылдың І тоқсаны бойынша орындалысы

 «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2021 жылдың  І тоқсаны бойынша орындалысы

 

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында келесі көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»  болып табылады.

         Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру  туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2020 жылғы  26 мамырдағы                         № 149 бұйрықтарына  сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

Аталған бұйрықтарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  8 – тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе электронды веб порталы арқылы бере алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Өтінішті тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі.

       Мемориалдық тақталар орнату тәртібі тиісінше заңдылыққа сүйенеді:

  1. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлға өмір сүрген, қызмет жасаған немесе болған, айрықша оқиға болған ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
  2. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлғаның тұру, жұмыс істеу, болу фактісі және ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиға расталған кезде орнатылады.
  3. Мемориалдық тақталар екі метрден төмен емес биіктікте орнатылады және 50 х 80 сантиметрден аспайтын көлемде жасалады.

                                                                                  

       Жалпы аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде басқармаға            І-тоқсан бойынша 1 тұлғадан мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру туралы ұсыныс келіп түсті.

      2021 жылғы 10 ақпандағы облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменованың басшылығымен өткен Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия мәжілісінің  №2 хаттамасына сәйкес,  күн тәртібінде Азаматтық қорғау органдарының ардагері А.Погодаевқа мемориалдық тақта орнату жөніндегі ұсыныс талқыланды.

         Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша: аталған тұлғаға мемориалдық тақтаны тұрған үйінің қабырғасына орнатуға рұқсат етілді.

 

 

 

 

«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2021 жылдың І тоқсаны бойынша орындалысы
Дата публикации
21 апреля 2021