Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2021 жылдың І-тоқсаны бойынша атқарылған шаралар
Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Атырау облысы архиві және қалалық, аудандық филиалдары көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде «Электронды әкімшілік» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, Атырау облысы мемлекеттік архиві облыс мемлекеттік архив мекемелерінің Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бағытындағы 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарынының 1-ші тармағы бойынша «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету жөніндегі бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Аталған жоспардың 2,3,4-ші тармақтары бойынша Атырау облысы мемлекеттік архиві онлайн түрде тікелей эфир, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы онлайн түрде электрондық қызметтер жәрмеңкесі, «Цифрлық агент» мобильді қосымшасын кеңінен насихаттау мақсатында онлайн кеңес ұйымдастырылды. Атырау облысы мемлекеттік архивінің Атырау қалалық филиалы Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің онлайн арқылы алу жолдары туралы бейнеролик жасап, әлеуметтік желілерге жариялады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында, 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Махамбет, Құрманғазы аудандық филиалдарына «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімі