2021 жылы 1 тоқсаны СТК-сы бойынша ақпарат
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Сараптау-тексеру комиссиясына (бұдан әрі - СТК) 2021 жылы 1 тоқсанында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден 123 мекеме құжат тапсырды.
2021 жылы 1 тоқсанында барлығы - 27 604 с.б. құжат СТК-н өтті. Атап айтар болсақ, 14 044 с.б. - тұрақты сақталатын, 13 467 с.б. - жеке құрам бойынша, 9 с.б.- жеке тектік, 45 с.б. - фотоқұжат, 13 с.б. - бейнеқұжат, 26 с.б. – фоноқұжат. Оның ішінде облыс мемлекеттік архив қорларына мемлекеттік сақтауға қабылданған құжаттар саны - 4 290 с.б. құжат.
Сонымен қатар, 66 - істер номенклатурасы, 53 - сараптау комиссиясы туралы Ереже, 33 - ведомстволық архив туралы Ереже, 27 051 іс - жою актілері, 280 карточка 126 іс - каталогтау жұмыстары бойынша СТК-мен келісілді.
Есепті мерзімде СТК-на тапсырылған 32 мекеменің құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №575 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, СТК-нан өтпей, кері қайтарылды.