Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы лауазымына конкурс жарияланады

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрықтары негізінде «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды

Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы,Байжігітова көшесі 86а .

Қызмет түрі: Өскелең мәні өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, тұрғындар арасында қазақ халқының мәдени, салт-дәстүрлерін және ұлттық әдет-ғұрпын насихаттау, облыс аудандарында және басқа қалаларда гастрольдік концерттерді ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапхана ісі) және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурса қатысушы Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында және Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде мына  мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

Атырау қаласы. Азаттық даңғылы, 9 Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасы, Анықтам  телефоны:8(7122)  32-35-50.

Құжаттардың тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде  конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін  бекітеді және  10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесуді  өткізеді.

Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы лауазымына конкурс жарияланады
Дата публикации
26 февраля 2021