«Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру туралы»
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында келесі көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» болып табылады.
Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрықтарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.
Аталған бұйрықтарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8 – тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе электронды веб порталы арқылы бере алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Өтінішті тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі.
Мемориалдық тақталар орнату тәртібі тиісінше заңдылыққа сүйенеді:
Жалпы аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде басқармаға 8 тұлғадан мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру туралы ұсыныс келіп түсті. 1 тұлғаның құжаттары түгел болмағандықтан комиссия отырысында қаралмады.
2020 жылғы 11 наурыздағы облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Шапкеновтың төрағалығымен өткен Атырау облысында мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі комиссияның №1 хаттамасына сәйкес, күн тәртібінде тыл және ішкі істер органдарының ардагері, милиция подполковнигі Сәлім Иманғалиевке; Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер саласының қызметкері Шарапиден Азыналиевке; Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі» Қабдел Қазиханға; Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Қабиболла Сыдиықұлына мемориалдық тақта орнату жөніндегі ұсыныстар талқыланып, аталған 4 тұлғаға да комиссия мүшелерінің шешімімен тақта орнатуға рұқсат берілді.
2020 жылғы 9 желтоқсандағы облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменованың басшылығымен өткен Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия мәжілісінің №1 хаттамасына сәйкес, күн тәртібінде денсаулық сақтау саласының үздігі Карин Жігерге; ұстаз Біләлов Мақымғалиға; ақын-өлкетанушы Мұхтаров Мәжитке мемориалдық тақта орнату жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша: денсаулық сақтау саласының үздігі Карин Жігер Меңтайұлына «Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің» қабырғасына мемориалдық тақта орнату туралы ұсыныс қолдау таппады. Аталған тұлғаға мемориалдық тақтаны тұрған үйінің қабырғасына орнатуға ұсыныс білдірді.
Ұлағатты ұстаз Біләлов Мақымғалиға мемориалдық тақта орнату туралы ұсыныс тұлғаның архивтік құжаттарының жетіспеуіне байланысты қолдау таппады.
Ақын-өлкетанушы Мұхтаров Мәжитке мемориалдық тақта орнату туралы ұсыныс комиссия шешімімен қолдау тапты.