Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша атқарылған шаралар
Жеке, заңды тұлғалардан түсетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архивтері көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың архивтік сұраныстарын, оның ішінде «Электронды әкімшілік» ақпараттық жүйесі, яғни (е-gоv.kz) бағдарламасы арқылы архивтік сұраныстардың уақытылы орындалуын жүзеге асыруда.
- Атырау облыстық мемлекеттік архиві және қалалық, аудандық филиалдары бойынша 2020 жылдың есебі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 6589. Мемлекеттік корпорация арқылы –2821. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 2378. Архив мекемелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1390.
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде қызмет атқарылуда.
- Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша:
- 2020 жылға арналған «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру жөніндегі медиа - жоспарға сәйкес, Атырау облысы мемлекеттік архивінің Атырау қалалық филиалы Атырау облыстық газетіне 2020 жылдың 31 қаңтардағы №8 санында «Архивтік анықтама беру қалай жүзеге асырылады» атты мақаласы жарияланды.
- 2020 жылдың 6 ақпанында Атырау облысы мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы «Мақат тынысы» газетінің №5 санында «Архивтік құжат талапқа сай беріледі» атты мақаласы жарияланды.
- 2020 жылдың 19 ақпан күні Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы деңгейін арттыру жөніндегі медиа-жоспарға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне семинар өткізілді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінде 2020 жылдың 28 ақпан күні «Ашық есік» күні өткізілді.
- Атырау облысы мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің 2020 жылдың 5 наурызындағы №9 санында «Қызмет ауқымды кеңейіп келеді» атты мақаласы жарияланды.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің Индер аудандық филиалы «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің 2020 жылдың 19 наурызындағы №11 санында «Анықтама алудың жолы» атты мақаласы жарияланды.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы «Жайық шұғыласы» газетінде 2020 жылдың 9 сәуіріндегі №15 санына жарияланған «Архив қызметі электронды түрде» атты мақаласы жарық көрді.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің Исатай аудандық филиалы «Нарын таңы» газетінде 2020 жылдың 30 сәуірдегі №18 санында «Архивтік анықтамаларды да үйде отырып ала аласыз» атты мақала жарияланды.
- Атырау облыстық мемлекеттік архиві «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті халық арасында электрондық түрде алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 2020 жыдың 20 сәуірінде «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Электрондық үкімет» веб-порталында бір жолғы SMS пароль арқылы өтініш беру үлгісі атты бейнеролик жарияланды.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің қалалық филиалы 2020 жылдың 20 сәуірінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асыру үшін онлайн арқылы www.egov.kz электрондық үкімет порталымен қызмет жасау бойынша бейнеролик жүктелгендігі хабарланады.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің Махамбет аудандық филиалы 2020 жылдың 27 мамырында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асыру үшін онлайн арқылы www.egov.kz электрондық үкімет порталымен қызмет жасау бойынша бейнеролик жүктелгендігін хабарланады.
- Атырау облысы мемлекеттік архиві 2020 жылдың 13 шілдесінде «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы «Архивтік сұраныстарды алу тәртібі туралы» онлайн-кеңес өткізді.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы «Мақат тынысы» газетінде 2020 жылдың 2 шілдедегі №27 санында «Қордағы құжаттарды онлайн сұрата аласыз» атты мақала жарияланды.
- Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің 2020 жылдың 14 тамызында Атырау газетінің №65 санында «Архивтік қор – құжаттың жады» атты мақаласы жарық көрді.
- 2020 жылдың 15 қыркүйек күні Атырау облысы мемлекеттік архивінің Исатай аудандық филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәжіліс залында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызметін жетілдіру мақсатында медициналық сақтық шараларын сақтай отырып, архив қызметкерлерімен, мемлекеттік корпорация мамандарымен семинар өткізді.
- 2020 жылдың 17 қыркүйек күні Атырау облысы мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы «Электрондық үкімет веб-порталы» және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру тақырыбында семинар өткізді.
- Атырау облысының мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы «Серпер» газетінде 2020 жылдың 24 қыркүйек №39 санында «Архивтік анықтамалар беру» атты мақала жарияланды.
- Атырау облыстық мемлекеттік архивінің Жылыой аудандық филиалы «Кен Жылыой» газетінде 2020 жылдың 1 қазан №40 санында «Архивтік анықтамаларды беру» атты мақала жарияланды.
- Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2020 жылдың 23 қазан күні «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.
- Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының фейсбук әлеуметтік желісіне 2020 жылдың 23 қазанында өткізілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері жөнінде өткізілген дөңгелек үстелдің мақаласы жарияланды.
- Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің 2020 жылдың 30 қазанында Атырау газетінің №87 санында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру – бүгінгі күннің талабы» атты мақаласы жарық көрді.
- Атырау облыстық мемлекеттік архивінің Қызылқоға аудандық филиалы «Qyzylqoga» қоғамдық-саяси газетінің 2020 жылдың 8 қазандағы №41 санында «Архивтік анықтамалар электрондық бағытта» атты мақаласы жарияланды.
- Атырау облыстық мемлекеттік архивінің Құрманғазы аудандық филиалы «Серпер» газетінде 2020 жылдың 19 қарашада №47 санында «Архивтік анықтамалар – электронды нұсқада» атты мақала жарияланды.
- Атырау облыстық мемлекеттік архиві 2020 жылдың 27 қарашасында «Атырау» газетінің №95 санында «Архив ісіндегі басты міндет-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру» атты мақаласын жариялады.
- 2020 жылдың 3 желтоқсан күні Атырау облыстық мемлекеттік архивінің Жылыой аудандық филиалы «Басты мақсат сапалы қызмет көрсету» тақырыбында семинар өткізді.
- 2020 жылдың 25 желтоқсан күні Атырау облыстық мемлекеттік архивінің Мақат аудандық филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» атты семинар өткізді.
Бас маман А.Джумагаливеа