Атырау облысында архив ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Атырау облысында архив  ісін дамытудың негізгі

бағыттары бойынша 2020  жылы

 атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

 

Архив ісін мемлекеттік реттеу

 

Атырау облысы Мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасына қарасты облыс архив мекемелері облыстың архив қоры құжаттарының сақталуы мен мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, ведомстволық архивтерге, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың құжаттарына іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық жүргізу, құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау, жеке және заңды тұлғалар архивтік анықтама беру – мемлекеттік қызмет  сұраныстарын орындау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.

         Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы   20  қыркүйектегі  №345 «Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы №84 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде және ұйымдарда ведомстволық мұрағаттарды құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу» қаулыларын іске асыру мақсатында облыста архив қоры құжаттарын ведомстволық сақтау сатысындағы жұмысты жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда.

      Сонымен қатар,  мекеме, ұйымдардың ведомстволық сақтау мерзімі жеткен құпия құжаттарды мемлекеттік сақтауға  архивке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, құпиялы құжаттармен жұмыс жасайтын мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілді.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архивтер қоры және архив туралы» Заңына сәйкес, 2021 жылға арналған Ұлттық архив қорының толықтыру және әлеуетті толықтыру көздері болып табылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар тізімін қалыптастырып, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық сараптау-тексеру комиссиясына жолданды.

 

1-бағыт. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры

құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету

 

         Есепті кезеңде  облыстың архив мекемелерінде архив қорлары құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жоспарға сәйкес құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту, істерді қалпына келтіру, түптеу, тігу,  мұқабаларын  рәсімдеу,  залалсыздандыру  жұмыстары   жалғасын   тапты.

«Архив қоры» ДБ бойынша облыстық, қалалық және аудандық архивтерде жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған архивтердегі қор санына сәйкес қор сипаттамалары, тізілім, сақтау бірліктері мен тіркеу бірліктеріне толықтырулармен өзгерістер енгізілді.

Есепті мерзімде  архив мекемелеріндегі  -13559 с.б.  құжаттардың толықтығы, жәй-күйі тексеріліп, тексеру беті және жәй-күйінің актісі толтырылды. Архив қорындағы құжаттарды қағаз негізінде қайта жаңғырту  19661 с.б. және физикалық, химиялық өңдеу 4905 с.б. жұмыстары жүргізілді.

 

 

2-бағыт. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив

қорының қалыптасуы

 

         Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив  қоры және архивтер туралы»  Заңын  жүзеге  асыру,  Ұлттық  архив  қорын  толықтыру   мақсатында мекеме, ұйымдардағы құжаттама қызметі мен ондағы құжаттардың сақталуы, мемлекеттік архивке уақытында тапсыру үшін ведомствалық архивтер мен мекемелердің іс жүргізуін қадағалауда біршама жұмыстар атқарылды. Жыл  ішінде  ведомстволық архив құжаттарына ғылыми-техникалық сараптау, өңдеу жұмыстары жүргізуге архив мекемелері тарапынан методикалық көмектер көрсетілді.

Облыс әкімдігі  жанынан  құрылған консультативті кеңесші орган Сараптау-тексеру комиссиясының  8  отырысы  өткізді.  Сараптау-тексеру комиссиясы  арқылы   – 39295  с.б.  құжат өтіп, 20293 с.б. құжат архив қорына қабылданды.

 

3- бағыт. Дерек базасы есебін және автоматтандырылған ғылыми анықтамалық аппарат құру   

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив  қорының құжаттарын «Архив қоры» бағдарламасына енгізу жұмыстары жүргізіліп, архив мекемелеріндегі қорлар көлемі өзгерістермен толықтырылды.

Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсетудегі басты жұмысы архивтік анықтамалар беру болғандықтан, оның жұмысын оңтайландыру, қор құжаттарын тиімді пайдалану, ақпараттық іздестіру жүйесін жеңілдету мақсатында көп сұранысқа ие болып табылатын қорлардың жеке құрам құжаттарынан (бұйрықтары бойынша) қалалық, аудандық архивтерде еңбек өтілі жөнінде бірыңғай деректер базасын жасақтау жұмыстары іске асуда.

Есепті мерзімде ақпаратты іздестіру жүйесіне деректер дайындау  мақсатында облыс архив  мекемелерімен цифрлық форматқа көшірілуге алынған құжаттар жүйелі  түрде жүргізіліп,  21 қор  4136  сақтау бірлігіндегі 431772 парақтағы іс   құжаттарының  енгізілуі қамтамасыз етілді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
12  желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық архивтерін «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесіне қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыстық архив және оның филиалдарында жұмыстар басталып, жүргізілуде. Атырау облыстық мемлекеттік архив мекемелерімен  605 қор туралы мәлімет енгізілді.  Техникалық құрал жабдықтар (47 дана компьютер, 14 принтер,              1 планетарлық кітап сканері Оптима А2+) сатып алынып, ақпараттық  жүйеге  қосылды.

 

4-бағыт. Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану

        

Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытында жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындауда, есепті мерзім ішінде  түскен барлығы – 6589 әлеуметтік-құқықтық               (5950 сұраныс: 2668-қанагаттандырылды, 3282-түсіндірілді), тақырыптық                            (639 сұраныс: 409-қанағаттандырылды, 230-түсіндірілді)  сұраныстардың  3077 (47%) сұранысы  қанағаттандырылып, қалған сұраныстың, яғни  3512 (53%)  сұранысқа  тиісті түсінік жауаптары берілді. Басқа салаға қатысты - 1468 сұраныс  түсті.  

 «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Атырау облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінен орталықтары  арқылы барлығы -  2821 сұраныстарға жауап берілді. Электронды портал бойынша –  2378 сұраныс түсті. Сонымен қатар, архив мекемелеріне тікелей 1390 (Қазақстан Республикасы азаматтарынан-1038 және шет ел азаматтарынан-352) сұраныс түсіп, тиісті жауаптары берілді.

         «Облыс мемлекеттік архив мекемелерінің 2020 жылға арналған  мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандырылу деңгейін  арттыру жөніндегі  медиа-жоспарды» іске асыру мақсатында, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»  мемлекеттік қызмет көрсету  сапасын арттыру мәселелері  бойынша 26 шара өткізілді.  Мемлекеттік  архив мекемелерімен  жергілікті жердегі газет беттеріне  15 мақала жарияланып,                            3 бейнеролик дайындалды. Индер, Құрманғазы Жылыой, Исатай, Мақат аудандық филиалдарымен 5 семинар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік архив мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ашық есік күні өткізілді және онлайн кеңес, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Архив құжаттарын қарқынды пайдалану архив қызметінің басым бағыттарының бірі және әр жыл сайын үлкен маңызға ие болып келеді.

          Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану бағытында Атырау облысы мемлекеттік архивтерінде 28 көрме, 2 кездесу, 4 семинар ұйымдастырылып, газет беттеріне 11 мақалалар және әлеуметтік желіге  40 ақпарат жарияланды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты шаралар онлайн түрде өткізілді.

 «МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ. Атырау өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты               2 томдық құжаттар жинағы шығарылды.

         2020 жылдың 17 сәуірінде Алматы қаласы Мемлекеттік архиві және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламалары аясында өткізетін «Жеке қор құжаттарының деректік маңызы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндамалар жинағына енгізу үшін құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімі «Атырау облысы мемлекеттік архивіндегі жеке тектік қор құру жұмысы туралы»  баяндама жолдады.

              «Qazaqstan» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының «НАЗАР» ток шоуына Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай атқарылып отырған жұмыстар жөнінде архив басшысы сұхбат берді.                                                                       

Атырау облысы мемлекеттік арxивінің оқу залында Х.Досмуxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранттары келісім шарт негізінде зерттеу практикасынан өтіп,  жеке тақырыптары бойынша зерттеу практикасында қор құжаттарымен танысып, архив тарапынан магистранттарға әдістемелік кеңестер берілді.          

         1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының қабылданған күніне орай  және Тәуілсіздік мерекесі қарсаңында «Архив – мемлекеттің кешегі және бүгінгі тарихының сақтаушысы» атты тақырыбында архив саласында  көп жылдар еңбек еткен қызметкерлермен кездесу өткізілді. «Тәуелсіздік  жылдарындағы Атырау облысының өсіп  өркендеуі» атты тақырыбында 2020 жылғы Атырау облысының экономикалық дамуы, әлеуметтік тұрмысы, мәдени –шаралар, спорттық жүлделер туралы іс-шаралары бойынша архив қорындағы фотоқұжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды.

 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
12 желтоқсандағы  №827 қаулысымен бекітілген  «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарының
58-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық архивтерін «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭҚБА АЖ) қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың                 20 шілдесінде өткізген Skype қосымшасы арқылы қашықтан (онлайн режимінде) оқытуға облыстық архив және қалалық, аудандық филиалдардың жауапты қызметкерлері қатынасты.

Архив саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында   а.ж. 23-24 қыркүйегінде ҚР Президенті архиві жанынан ұйымдастырылған «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты» ЖШС-мен вебинар курс (онлайн-семинар) ұйымдастырылып, облыстық архив және қалалық, аудандық филиалдардың 20 қызметкері білімдерін жетілдірді.

 

Атырау облысында архив ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
05 января 2021