Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

Атырау облысы Мәдениет

және тілдерді дамыту

басқармасы басшысының 

2026 жылғы «       » мамырдағы

№_____ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Атырау облысы Мәдениет

және тілдерді дамыту

басқармасы басшысының

2026 жылғы «       » мамырдағы

№_____ бұйрығымен бекітілген

 

 

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі туралы ереже (06-01-14-05)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының бекітілген лимиті шегінде басқарма басшысы бекітеді.
  4. Бөлім:

1) бөлім басшысынан;

2) 2 (екі) бас маманнан тұрады.

 

2-тарау. Бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:
  • Басқарма қызметін құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бірыңғай қолдануды қалыптастыру және мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделерін соттарда және басқа да ұйымдарда қорғау;
  • Жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының, басқарма басшысы бұйрықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
  • Басқармада және бағынысты мәдениет мекемелерінде тиімді кадр саясатын іске асыру, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібін сақтау және сала мамандарының әлеуетін дамыту;
  • Басқарма құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісін заңнама талаптарына сай ұйымдастыру.
  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  • Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен және бағынысты мәдениет мекемелерінен бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті құжаттарды, ақпараттарды, есептер мен материалдарды сұрату және алуға;
  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құқықтық актілердің жобаларын пысықтауға (пысықтап өңдеуге) қайтаруға;
  • Мемлекеттік қызмет, кадр, іс қағаздарын жүргізу, бақылау тәртібі және мәдениет саласын дамыту мәселелері бойынша басқарма басшылығына қарау үшін ұсыныстар енгізуге;
  • Басқарма қызметкерлері мен бағынысты мекеме басшыларынан атқарушылық және еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және құпиялылық режимін сақтау жөнінде түсініктемелер талап етуге;
  • Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, сот сатылары және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, белгіленген тәртіппен басқарма мүддесін білдіруге құқылы.

Міндеттері:

  • Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, келісімшарттар мен басқа да заңдық құжаттардың жобаларына сапалы құқықтық сараптама жүргізуге;
  • Сот процестеріне қатысу барысында мемлекеттік органның заңды құқықтары мен мүдделерін толық және кәсіби деңгейде қорғауға;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «e-Otinish» және ЭҚАБЖ жүйелерінде қабылдау, тіркеу және олардың қаралу мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуге;
  • Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен бағынысты мекеме басшыларының жеке істерін заңнама талаптарына сай жүргізу, кадрлық мониторинг пен аттестаттау процестерін ашық әрі уақтылы ұйымдастыруға;
  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттерге сәйкестігін қамтамасыз ету, мерзімдердің асып кетуіне және негізсіз бас тартуларға жол бермеуге;
  • Басқарманың істер номенклатурасын сапалы қалыптастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мұрағатқа уақтылы өткізуге;
  • Бөлім қызметіндегі мемлекеттік құпияларды, құпия ақпараттарды («ДСП») қорғау және террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздік шараларын үйлестіруге;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу, оның нәтижелерін жариялау және анықталған тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қабылдауға міндетті.
  1. Функциялары:
  • Басқарманың құзыретіне енетін мәдениет және өнер мекемелерінің мәдени-көпшілік жұмыстарын, сондай-ақ өңірлік және мемлекеттік бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарларының орындалуын үйлестіреді және бақылайды;
  • Өткізілетін мәдени шаралар мен бағдарламалардың орындалу барысына талдау жасау, есептер мен ақпараттық материалдарды жинақтайды және жоғары тұрған органдарға ұсынады;
  • Кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін үйлестіру, шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардың халықаралық, республикалық сайыстарға қатысуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
  • Мәдениет саласы бойынша өңірлік деңгейдегі марапаттау материалдарын рәсімдейді, сала қызметкерлерін мемлекеттік және салалық наградаларға ұсыну жұмыстарын жүргізеді;
  • Мәдениет саласы бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді, мәслихат сессияларына ұсынылатын құжаттарды дайындайды.
  • Басқарма қызметіндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді үйлестіреді;
  • Басқарма атынан жасалатын шарттардың (келісімшарттардың) жобаларын әзірлейді, олардың заңдылығын тексереді (құқықтық сараптама жасау) және орындалуын бақылайды;
  • Басқарма басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі бұйрықтары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, басқа бөлімдер әзірлеген құжаттарды келісу (виза қою) жұмыстарын жүргізеді;
  • Сот сатыларында, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда басқарманың құқықтық мәселелері бойынша мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді және қорғайды;
  • Басқармаға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жүйелі есебін жүргізеді;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді, ішкі талдау жүргізу және оның қорытындыларын заңнамаға сәйкес жариялайды.
  • Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен бағынысты мекеме басшыларының жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізу, электрондық ақпараттық базадағы мәліметтерді уақтылы толтыру және жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізеді.
  • Басқарма қызметкерлерінің жыл сайынғы кірістері туралы декларацияларын уақтылы тапсыруын қадағалайды;
  • Бағынысты мекемелердің кадрлық қызметіне мониторинг жасау, сала бойынша мамандарға қажеттілікті айқындайды және кадр резервін жасақтайды;
  • Мемлекеттік қызметшілердің, мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлерінің аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді және оларға әдістемелік көмек көрсетеді.
  • Басқарма құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы көрсетуді ұйымдастырады, олар бойынша тоқсандық есептерді дайындайды;
  • Басқармаға қарасты террористік тұрғыдан осал объектілердің жұмыстарын үйлестіреді, жауапты мамандарды оқытуды ұйымдастырады.
  • Жоғары тұрған органдардың актілерінің, тапсырмаларының, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтарының мерзімінде және сапалы орындалуын бақылайды;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «e-Otinish» және ЭҚАБЖ жүйелерінде тіркеуді жүзеге асырады, олардың заңнамада белгіленген мерзімде сапалы қаралуын қамтамасыз етеді;
  • Басқарманың істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағат мекемесімен келісу, басқарма бойынша шығарылатын бұйрықтардың есебін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді.
  • Тұрақты сақталатын және жеке құрам жөніндегі істердің жыл сайынғы есебін жүргізу, «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды мұрағатқа уақтылы тапсыруды және жоюға бөлуді ұйымдастырады;
  • Басқарманың ағымдағы жұмыс жоспарларын (апталық, айлық, тоқсандық, жылдық) жинақтау, басқарма басшысының азаматтарды қабылдауын үйлестіреді және кеңес хаттамаларын дайындайды;
  • Құпиялылық белгісі бар (ДСП, құпия) хат-хабарлармен және құжаттармен жұмыс істеу, оларды тіркеу және өңдеу талаптарын қамтамасыз етеді.

Бөлім Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

Бөлім басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.

 

3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы Бөлім қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлімнің басшысы облыс әкімі аппаратының басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2026