Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

Атырау облысы Мәдениет

және тілдерді дамыту

басқармасы басшысының 

2026 жылғы «       » мамырдағы

№_____ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Атырау облысы Мәдениет

және тілдерді дамыту

басқармасы басшысының

2026 жылғы «       » мамырдағы

№_____ бұйрығымен бекітілген

 

 

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже (06-01-14-03)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының бекітілген лимиті шегінде басқарма басшысы бекітеді.
  4. Бөлім:

1) бөлім басшысынан;

2) 2 (екі) бас маманнан тұрады.

 

2-тарау. Бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:
  • Өңірде тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, есепке алу және музей ісін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Мәдениет, өнер және т.б. мекемелердің қызметін үйлестіру, сондай-ақ халыққа көрсетілетін мәдени қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • Мәдениет саласында мемлекеттік шығармашылық, әлеуметтік тапсырыстарды және гранттық жобаларды қалыптастыру, орналастыру және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету.
  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  • Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағыныстағы мәдениет және өнер мекемелерінен, сондай-ақ аудандық мәдениет бөлімдерінен бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, есептер мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
  • Мемлекеттік шығармашылық және әлеуметтік тапсырыстарды орындайтын өнім берушілерден көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мазмұны бойынша заңнама аясында есептілікті талап етуге;
  • Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, отырыстар, семинарлар мен жұмыс топтарын ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
  • Басқарма басшылығына мәдениет мекемелерінің қызметін жетілдіру, тарихи-мәдени мұраны қорғау және қаржыландыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды ынталандыру (марапаттау, жазалау) жөнінде басқарма басшылығына ұсынымдар беруге;
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа мәдениет нысандарын салу, ескерткіштерге мәртебе беру немесе монументтік өнер туындыларын орнату мәселелері бойынша салалық қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеуге құқылы.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс әкімі, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын нақты, сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз етуге;
  • Ведомстволық бағыныстағы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметіне тиімді жетекшілік етуді және олардың бюджеттік бағдарламалар аясындағы жоспарлық көрсеткіштерінің орындалуын бақылауға;
  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырыстардың және ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларының заңды, ашық әрі нысаналы игерілуіне мониторинг жүргізуге;
  • Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, сақтау және оларға реставрациялық жұмыстар жүргізу кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
  • Жоғары тұрған органдардан мәдениет саласының дамуы мен есептері бойынша шынайы әрі сапалы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынуға;
  • «Ашық деректер» порталы мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бөлімнің бағыты бойынша мәліметтерді уақтылы жаңартып отыруға;
  • Бөлім қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыз-шағымдарын) «Е-Өтініш» жүйесі арқылы заңда белгіленген мерзімде қарауға және заңды жауаптар дайындауға;
  • Бөлімдегі іс қағаздарын жүргізудің, құжаттардың сақталуының және мемлекеттік құпияларды (немесе қызметтік ақпаратты) қорғаудың талаптарын сақтауға міндетті.
  1. Функциялары:
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының, орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімі мен оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтарының орындалуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады.
  • Ведомстволық бағыныстағы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметіне жетекшілік етеді, олардың жоспарлық міндеттерінің орындалуын бақылайды және әдістемелік қызметін үйлестіреді.
  • Мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін талдайды, олардың даму жоспарларының, бұйрықтар мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.
  • Өңірлік бағдарламалар шеңберінде мәдени-бұқаралық іс-шаралардың (семинарлар, акциялар, фестивальдар) өткізілуін ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді және есептерін дайындайды.
  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді, оның орындалуын электрондық форматта жүйелі түрде жүргізеді және нысаналы игерілуі мен сапасына бақылау жасайды.
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобаларын қалыптастырады, олардың тақырыптарын жоспарлайды, іске асырады және әлеуметтік желілер мен өзге де арналар арқылы мониторинг жүргізеді.
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына және мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді.
  • Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте халық үшін кинематография туындыларының қолжетімді болуына жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, сақтау, зерделеу, оларға ғылыми-реставрациялық және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Қала құрылысы жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру, монументтік өнер құрылыстары мен мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі құжаттарды дайындайды және уәкілетті органмен келісу жұмыстарын жүргізеді.
  • Жергілікті жердің тарихи-сәулет тірек жоспарларын, карта-схемаларын жасауға қатысады және ескерткіш иелері мен пайдаланушылардың қорғау міндеттемелерін дайындайды.
  • Сала бойынша жиынтық есептерді, талдауларды және жоғары тұрған органдарға қажетті ақпараттарды уақтылы дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
  • Мәдениет саласын цифрландыру бағдарламалары аясында қажетті ақпараттарды жинақтайды және «Ашық деректер» порталына тиісті мәліметтерді ұсынады.
  • Аумақтық даму бағдарламасы бойынша салалық ақпараттарды дайындайды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа мәдениет нысандарын салу үшін салалық қорытындылар ұсынады.

Бөлім Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

Бөлім басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.

 

3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы Бөлім қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлімнің басшысы облыс әкімі аппаратының басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2026