Қазақстан Республикасының тіл
туралы заңнамасының сақталуы
бойынша 2026 жылдың ІI
жартыжылдығына Атырау
облысында мерзімді тексеруді
жүргізудің жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-2, 25-6 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29, 37 - баптарына сәйкес:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың ІI жартыжылдығына Атырау облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Жоспарды Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Басқарма бекітілген Жоспарға сәйкес мерзімді тексеруді жүргізуді қамтамасыз етсін.
Осы өкімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі С. Шәпкенов
Атырау облысы әкімінің
2026 жылғы «21» мамырдағы
№144-Ө өкіміне қосымша
Атырау облысы әкімінің
2026 жылғы «21» мамырдағы
№144-Ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша
2026 жылдың ІI жартыжылдығына Атырау облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары
р/с №
1.Мемлекеттік органның атауы
2.Тексерілетін субъектінің атауы
3.Тексеру субъектінің (объектінің) тұрған жері
4.Тексеру жүргізу мерзімі
1. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы Атырау қаласы Азаттық даңғылы, 181
2026 жылдың ІI жартыжылдығы
2.«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы Атырау қаласы
Абай көшесі, құрылыс 8
2026 жылдың ІI жартыжылдығы
3.«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы Атырау қаласы
Әуезов көшесі, 53а
2026 жылдың ІI жартыжылдығы
4.«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Атырау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы Атырау қаласы Әйтеке би көшесі, 77 а
2026 жылдың ІI жартыжылдығы
5.«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Жылыой ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы Құлсары қаласы Махамбет даңғылы, 26
2026 жылдың ІI жартыжылдығы