Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы - облыстағы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу, есепке алу, сақтау, насихаттау, реставрациялау үшін құрылған мәдениет саласындағы мемлекеттік мекеме болып табылады.
Бүгінгі күні Атырау облысында 4 ескерткіш республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына енсе, 313 ескерткіш жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. 30 жылдық тарихы бар бұл мекеме аталмыш тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі мен оларды күтіп ұстау тәртібіне, ескерткіштерді жөндеп, қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік бақылауды, оларды сақтау мен пайдалану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.