Облыста екі бірдей концерттік ұйым бар. Олар Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы. Олардың құрамында «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі, Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі, «Інжу-Маржан» би ансамблі, «Ара-Атырау» әзіл-сықақ театры, эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрі, «Мұрагер» фольклорлық амсамблі, қобызшылар квартеті және жеке орындаушылардан тұратын әртістер тобы өнер көрсетеді.