GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
22 октября 2026
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

САНАЛЫҰРПАҚЖАРҚЫНБОЛАШАҚАУДАНДЫҚСЕМИНАРЫӨТТІ

«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 

Бүгін Қызылқоға ауданы әкімдігі, аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық полиция бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты аудандық семинар өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Семинарға арнайы шақырылған спикерлер: 🔹 Шынар Тукенова – «Самға» жастар денсаулық орталығының психологі; 🔹 Тимур Рамазанов – «Жаңа өмір» қолдау орталығының басшысы; 🔹 Айбол Ідірісов – Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры.

Спикерлер жастар арасындағы өзекті мәселелерді қозғап, құқық бұзушылықтың алдын алу мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында Көздіғара ауылының ерікті жастарынан құралған «Жас талант» театры және Атырау облысынан келген полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің (СОБР) қызметкерлері тақырыпқа сай сахналық қойылымдар ұсынды.

Семинар аясында аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев спикерлерге алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Байтенов сөз сөйлеп, шараға белсенді қатысқандарды алғыс хатпен марапаттады.

 

15 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарын марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Тағылымды шараға аудан әкімі Қанат Әзмұханов, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі Қанат Әзмұханов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен мәслихат депутаттарына алғысын білдірді. Сондай-ақ олардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық қызметінің, халықтың талап-тілегін жеткізіп, ауданның дамуына үлес қосудағы еңбектерінің маңыздылығына тоқталды.

– Депутаттық қызмет – үлкен жауапкершілік пен ел алдындағы адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Халықтың аманатын арқалап, ел мүддесін қорғау жолында атқарған еңбектеріңіз бен ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, – деген ізгі тілегін жеткізді аудан басшысы.

Құттықтау сөзден кейін Қанат Әзмұханов мәслихат депутаттарына арнайы алғыс хаттар табыстап, олардың ел алдындағы еңбегіне лайықты құрмет көрсетті. Салтанатты жиында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Айбар Алтыбаев, аудандық мәслихат төрағасы қызметін атқарған Толқын Бейсқали және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып та сөз алып, аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар депутаттарға ақжарма тілектерін арнап, халықпен етене жұмыс істеудің, ел сенімін ақтаудың және ортақ мақсат жолында бірлесе қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

Ауданның дамуына өз үлестерін қосқан азаматтарға құрмет көрсетуге арналған шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, салтанатты шараны қорытындылады.

02 октября 2026
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Қызылқоға ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жамансор ауылындағы теміржол вокзалының құрылысын қарап, мердігерге жұмыс қарқынын арттырып, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Миялы – Сағыз бағытындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда 40 шақырым жол толық жасалып, 10 шақырым аумаққа қар ұстағыштар орнатылған. Су басу қаупі бар 10 учаскеде жолды көтеру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Миялы ауылындағы Ығылман Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының күрделі жөндеу барысын қарап, жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтауды міндеттеді.

Жангелдин ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 300 орындық мәдениет үйінің құрылысымен де танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі барлық құрылыс нысандарында сапа, қауіпсіздік және белгіленген мерзімнің сақталуын басты назарда ұстауды тапсырды.

17 августа 2026
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
Ауданымызда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Әзмұханов қатысып, байқауға қатысқан отбасыларға алғысын білдіріп, олардың қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттаудағы рөліне тоқталды.
Аудан басшысы өз сөзінде отбасы – қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтіп, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолында үлгі болып жүрген жанұялардың еңбегін жоғары бағалады.
Байқаудың аудандық кезеңіне ауданның әр ауылдық округінен өнегелі отбасылар қатысып, өздерінің жетістіктері мен отбасы дәстүрлерін таныстырды. Атап айтқанда, Миялы ауылдық округінен Жарылғағанов Мыңбай отбасы мен Ықыласов Ғизат отбасы, Сағыз ауылдық округінен Шәкімов Асанәлі отбасы мен Аралбаев Жәнібек отбасы, Мұқыр ауылдық округінен Нұрболғанов Қуандық отбасы, Көздіғара ауылдық округінен Маханов Бауыржан отбасы, Жамбыл ауылдық округінен Алдияров Қалдыбай отбасы және Жангелдин ауылдық округінен Хамидоллин Лес отбасы қатысты.
Шара соңында қатысушы отбасылар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік деп танылған отбасы облыстық кезеңде Қызылқоға ауданының намысын қорғайтын болады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және өнегелі жанұяларды көпшілікке үлгі етуге бағытталған маңызды жоба.
17 августа 2026
Аудан әкімінің жастармен кездесуі: спорт, пікір алмасу және ұлттық ойындар

Аудан әкімі Қ.Әзмұханов жастармен кездесу барысында садақшы, белсенді жас Қ.Қабылдың жастың ұсынысымен садақ атып, жастармен бірге еркін көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.

Жастардың қызығушылығына ортақтасып, олармен бір толқында болған аудан әкімі кездесудің бейресми әрі жылы атмосферасын қалыптастырды.

Кездесу одан әрі гір тасын көтеру, ләңгі тебу және арқан тартыс секілді ұлттық ойындарға ұласып, жастардың белсенділігі мен жақсы көңіл-күйіне серпін берді.

20 июля 2026
БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНДІ
БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНДІ
Қызылқоға ауданында баспаналы болғандардың қуанышы тағы бір мәрте еселенді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бүгін кезектілік бойынша тіркелген тоғыз отбасы жаңа қоныстың кілтін алып, көптен күткен арманын ақиқатқа айналдырды.
Ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету ісі жыл сайын қарқын алып келеді. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер соның айқын дәлелі. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегіндегі отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 2022 жылы 14 тұрғын үй, 2023 жылы 83 тұрғын үй, 2024 жылы 84 тұрғын үй сатып алынса, 2025 жылы 129 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Биыл да бұл игі іс жалғасын тауып, алғашқы тоғыз отбасы жаңа шаңырақтың иесі атанды.
Кілт табыстау рәсіміне қатысқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, жаңа үйлердің әр отбасы үшін құт-берекенің, ынтымақ пен бақтың ордасына айналуына тілектестік білдірді.
– Мемлекет басшысының халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған саясаты біздің ауданымызда облыс әкімінің қолдауымен жүйелі жүзеге асып келеді. 2023 жылдан бері ауданымызда 305 отбасы баспаналы болды. Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Бүгін жаңа қонысқа ие болған ауылдастарымыздың шаңырағы шаттыққа, дастарханы берекеге толсын! Бұл қуаныш кезекте тұрған өзге де азаматтарға жұғысты болып, ауданымыз өркендеп, халқымыздың игілігі арта берсін! – деді аудан басшысы.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып та тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Бүгінгі қуанышқа кенелгендердің бірі – Ләйла Рашбаеваның отбасы. Балаларының қуанышына ортақтасуға келген ардақты ана мемлекет қолдауының арқасында заманауи үлгідегі жаңа баспанаға қол жеткізгеніне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
– Мен бұл ауданға 1964 жылы көшіп келдім. Содан бері туған жерімдей болып кеткен Қызылқоғаның өсіп-өркендегеніне куәмін. Соңғы жылдары ауданымызда үш жүзден аса отбасы баспаналы болды. Бұл – халыққа жасалған үлкен қамқорлық. Бүгін үй алып жатқан жастардың қуанышына шын жүректен ортақпын. Жаңа үйлеріңіз құтты болсын! Осындай игі іске қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, облыс және аудан басшылығына алғысым шексіз. Ел аман, жұрт тыныш болсын! – деді ақ жаулықты ана.
Салтанатты рәсімнен кейін аудан әкімі жаңа қоныс иелерімен бірге тұрғын үйлерді аралап, жаңа қоныстардың жағдайымен танысты. Заманауи талапқа сай салынған үйлердің жай-күйіне көңілі толған тұрғындар аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын арнады.
🖋ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
20 июля 2026
АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Губайдуллин Тілекқабыл Берікұлы тағайындалды.
Губайдуллин Тілекқабыл Берікұлы 1978 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін экология мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Қызылқоға аудандық экономика, инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінде бас маман қызметінен бастаған.
2000–2002 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің көмекшісі,
2002–2018 жылдары «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының Қызылқоға аудандық пошта торабының бастығы,
2018–2019 жылдары «Қазпошта» АҚ Атырау филиалының қаржы-экономикалық секторының бастығы,
2019–2020 жылдары «Қазпочта» АҚ Атырау филиалының қаржы-экономикалық сектордың бас маманы,
2020–2021 жылдары Атырау облысы Құрылыс басқармасында бас маман,
2021 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман,
2021–2022 жылдары Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының инвестиция және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы,
2022–2023 жылдары Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешеніндегі стратегия және инвестиция тарту бөлімінің басшысы,
2023–2025 жылдары Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының агроөнеркәсіп кешенін стратегиялау және несиелендіру бөлімін басшысы,
2025 жылдан бастап осы уақытқа дейін Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының инвестициялық талдау, экономика және несиелеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жаңа аудан әкімінің орынбасарын аудан әкімі Қанат Әзмұханов жаңа лауазымымен құттықтап, жауапты қызметіне толағай табыс, ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі.
🖋ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
13 июля 2026
Аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ!

Қызылқоға ауданы әкімі Қанат Әзмұхановтың 2026 жылғы 10 шілдедегі №199 өкімімен Ардақ Айсәуле Ардаққызы Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ардақ Айсәуле Ардаққызы 1999 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2019 жылы «4власть» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінде менеджер қызметінен бастаған. Кейін 2021–2024 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-де Қызылқоға ауданы бойынша маман, 2023–2024 жылдары Қызылқоға аудандық мәслихаты жанындағы Қоғамдық кеңестің хатшысы, 2025–2026 жылдары Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында бас маман, 2026 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. Жаңа бөлім басшысын аудан әкімі Қанат Әзмұханов құттықтап, жауапты қызметіне табыс пен сәттілік тіледі. 🖋ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Сайлау
03 февраля 2026
Құрметті сайлаушылар, қадірменді әріптестер!

Құрметті сайлаушылар, қадірменді әріптестер!

 

     Сіздерді кәсіби мерекеміз-Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтаймын!    Бұл күн - демократиялық басты қағидаттарын нығайтуға, сайлау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге атсалысатын барлық мамандар үшін маңызды мереке.

    Сайлау - халық еркін білдірудің және ел болашағын айқындаудың негізгі тетігі. Сондықтан біздің ортақ мақсатымыз - азаматтардың сайлауға деген сенімін арттырып, олардың саяси белсенділігін күшейту.

    Күнделікті еңбектеріңіз адалдықпен пен әділеттілікке негізделіп, еліміздің демократиялық дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

   Осы жауапты да абыройлы қызметте Сіздерге қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!

     Әрбір бастамамыз оң нәтижесін беріп, кәсіби жетістіктеріміз арта берсін!

     Мерекеміз құтты болсын!

Құрметпен: Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Сайполұлы

 

 

 

 

Сайлау
03 февраля 2026
Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесу.

Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасымен  кездесу.

     Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Муканов аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы мен Қызылқоға аудандық Билер кеңесінің мүшесімен кездесті.

     Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру бағытында сайлау комиссиялары атқарып жатқан жұмыстар, сайлау процесіне қолжетімділікті арттыру, дауыс беру кезінде қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы