Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес

 

        Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Жалпы, бұл әрекеттер бойынша тиісті шара қолданудың негізі  - ол азаматтардың арыз-шағымы, өтініштері.

         2026 жылдың жеті айында  бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке тұлғалардан 2 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.

         Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларымен кеңінен қамту мақсатында үстіміздегі жылы мынадай белсенді ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізілді:

         - 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлім басшысының жеке қабылдауында (несие, қайтарымсыз грант қаражатын алу, кәсіпкерлік ашу және т.б.) болып, тиісті 29 адам келіп 14 хаттама жасақталып E-Otinish ақпаратты жүйесіне енгізілді.

         Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.

          Жыл басынан бөлім арқылы ашылған facebook және kyzylkoga_kasipkerlik инстаграмм  парақшаларында 25 әртүрлі  кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау бағдарламалары,  хабарландырулар,  мәліметтер жарияланды.

         Еліміздің заңдылықтарын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, жалғасын таппақ.

         

 

 

 Аудандық кәсіпкерлік және

 ауыл шаруашылығы

 бөлімінің бас маманы                                                                                                                                                       О.Отарбай

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес
Дата публикации
14 апреля 2026