Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 4 тамыздағы №121 қаулысымен бекітілген
Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «» __________ № қаулысына қосымша
Қызылқоға ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
- «Қызылқоға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлімнің ведомстволары бар:
- «Атырау облысы Қызылқоға ауданы күндізгі болу бөлімшесінің жартылай стационарлық үлгідегі күндізгі болу ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Қызылқоға ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болған жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Бөлім өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды, олар Қызылқоға ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделеді.
- Қызылқоға ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері:
индексі 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі №1.
- Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
- Бөлімге өз өкілеттіктеріне жататын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Бөлімнің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
Ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кедейлік ауқымын қысқарту және мүгедектігі бар адамдарды оңалту.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден өз құзыретіне қатысты ақпараттар мен есептерді сұрату, алу және тексеру;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
- ақпараттық-анықтамалық бюллетеньдер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығару, жарнамалық стендтерді пайдалану.
2) Міндеттері:
- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау;
- нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және сараптау;
- халықтың еңбекке, мемлекеттік қолдауға, әлеуметтік көмек пен қызметтерге құқықтарын іске асыру;
- әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру;
- ерекше қажеттілігі бар балалар мен жалғызілікті қарттарға көмек көрсету;
- жұмыс берушілер мен қоғамдық ұйымдарды тарту;
- қоғамдық ұйымдармен және ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимыл жасау.
15. Функциялары:
- аудандық жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- даму жоспарларын келісу;
- мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру;
- заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- тұрғын үй көмегін тағайындау;
- еңбек иммигранттарына рұқсат беру қызметі;
- жұмыспен қамту карталарын іске асыру;
- жұмыс орындарын мониторингтеу;
- үшжақты комиссия жұмысын ұйымдастыру;
- әлеуметтік келісімдер әзірлеу;
- әлеуметтік қызметкерлерді даярлау;
- халықтың өмір сүру деңгейін талдау;
- мүгедектігі бар адамдарды оңалту бағдарламалары;
- арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- мемлекеттік сатып алулар;
- қайырымдылық көмекті үйлестіру;
- санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- жеке көмекшілер қызметін ұйымдастыру;
- қосымша әлеуметтік көмек көрсету;
- протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету;
- қоғамдық ұйымдарға кеңес беру;
- аналитикалық материалдар дайындау;
- әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
- ақпараттық бағдарламаларды сүйемелдеу;
- БАҚ-та материалдар жариялау;
- бюджеттік бағдарламалар паспорттарын әзірлеу;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- азаматтардың өтініштерін қарау;
- отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру.
3. Бөлім басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
- Бөлімді бірінші басшы басқарады және жеке жауапкершілік атқарады.
- Басшы қызметке тағайындалады және босатылады.
- Басшының өкілеттіктері:
- қызметкерлердің міндеттерін анықтау;
- кадрлық шешімдер қабылдау;
- көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану;
- шарттарға қол қою;
- штат кестесін бекіту;
- мемлекеттік органдарда бөлім мүддесін білдіру;
- құжаттарға қол қою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау.
Басшы болмаған жағдайда оның міндеттері оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
- Бөлімді басшы басқарады.
4. Бөлімнің мүлкі
- Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында мүлікке ие болуы мүмкін.
Мүлік меншік иесі берген және қызмет нәтижесінде алынған қаражат есебінен қалыптасады.
- Мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Бөлім өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығара алмайды.
5. Қайта ұйымдастыру және тарату
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.