Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2020 жылғы « » қаңтардағы
№ қаулысына қосымша
ЕРЕЖЕ
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімі қызметін қамтамасыз ететін (бұдан әрі – әкім) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкім аппараты ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ереже және оның құрылымы аудан әкімдігімен бекітіледі.
- Әкім аппаратының толық атауы және заңды мекенжайы:
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
060501, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылы, Демеу Асанғалиев көшесі, 3А үй.
- Ауылдық округ әкімінің аппараты аудан әкімдігімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
- Әкім аппараты жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппаратына өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Ауылдық округ әкімінің аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері:
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
- Функциялары:
1) Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қоғамдастық жиналысын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жиналысын өткізу ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастық жиналысы мен жиынын өткізу уақыты, орны және қаралатын мәселелер туралы кемінде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары немесе өзге тәсілдер арқылы хабарлайды;
- жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және орындалуын қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы есеп ұсынады;
- ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
- жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және бекітуге ұсынады;
- коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;
- коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- алынған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін сақтау мерзімін белгілейді;
- мемлекет мүдделерін білдіреді және меншік құқығын қорғайды;
- сенімгерлік басқару шарттарының орындалуын бақылайды;
- коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларын бақылау және талдау жүргізеді;
- коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2) Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
- коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
- коммуналдық мүлікті басқарады және оны қорғау шараларын жүзеге асырады;
- коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық кәсіпорындардың қызмет бағыттарын анықтайды;
- мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жұмыстарын жүргізеді;
- артық немесе пайдаланылмайтын мүлікті алып қояды;
- мүлікті жалға немесе сенімгерлік басқаруға береді;
- коммуналдық ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды;
- мүлікке билік етуге келісім береді;
- жарғыларды бекітеді;
- бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстар көлемін анықтайды;
- даму жоспарларын бекітеді;
- мүлікті кепілге беру, жалға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- мүлікті коммуналдық ұйымдарға бекітеді;
- мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Құқықтары:
- қажетті ақпараттарды сұрату және алу;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыру;
- ақпараттық деректер базаларын пайдалану;
- шарттар жасасу;
- заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарға ие болу.
- Міндеттері:
- халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
- Президент, Үкімет және басқа органдар актілерін уақтылы орындау;
- заңнамада көзделген өзге де міндеттерді орындау.
3-тарау. Әкім аппараты қызметін ұйымдастыру
- Әкім аппаратын әкім басқарады.
- Әкімнің өкілеттіктері:
- аппарат жұмысын ұйымдастыру;
- жиналыс шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау;
- қаржылық жоспарларды бекіту;
- тұрғын үй қорын түгендеу;
- апатты үйлерді бұзу жұмыстарын ұйымдастыру;
- ауыл халқын микрокредиттеуге жәрдемдесу;
- заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
- Әкім орынбасарының міндеттерін айқындайды.
- Әкім қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Әкім аппаратының мүлкі
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес жедел басқару құқығында мүлікке ие болуы мүмкін.
Мүлік меншік иесі берген және өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен қалыптасады.
- Мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Әкім аппараты мүлікті иеліктен шығаруға немесе басқаруға құқылы.
5-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату
- Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.