«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Қызылқоға ауданы әкімдігінің

2024 жылғы «31» желтоқсандағы

№336 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

 

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

 

  1. «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
  3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мекеме өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Мекеменің орналасқан жері: 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі, 39 ғимарат.

Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

Мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

Мекемеге өз өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

Мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

 

Міндеттері:

  • Мекеме ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады;
  • ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету, ауданның шағын және орта бизнес кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Қызылқоға ауданы аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру.

 

Өкілеттіктері

 

Құқықтары:

  • бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге белгіленген тәртіппен қатысу;
  • өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер мен форумдар өткізу;
  • бөлімнің өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, өзге де материалдар мен мәліметтерді жергілікті атқарушы органдардан және шаруашылық субъектілерінен белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
  • бөлімнің қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
  • қажет болған жағдайда кеңестер мен сараптамалық топтар құру.

Міндеттері:

  • ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өңірлік бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  • аудандағы кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығының даму жағдайын талдау және болжау;
  • қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жәрдемдесу;
  • мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының Қызылқоға аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді:

  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелерді, соның ішінде орнатылған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу;
  • тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға арналған тіркемелердің, соның ішінде орнатылған арнайы жабдығы бар тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жоғары өтімді арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру;
  • тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға арналған тіркемелердің, соның ішінде орнатылған арнайы жабдығы бар тіркемелердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жоғары өтімді арнайы машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын өткізу.

Функциялары:

  • ауданның кәсіпкерлік, қызмет көрсету және сауда саласының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;
  • кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін дамыту кезінде бәсекеге қабілетті жаңа технологияларды құруға ықпал ету;
  • ауданның шағын және орта бизнесінің даму жағдайына мониторинг және талдау жүргізу;
  • тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтарды шығару және тарату;
  • семинарлар, көрмелер, конкурстар, форумдар және бизнес-кездесулер өткізуді ұйымдастыру;
  • халықтық қолөнер мен кәсіпшілікті дамытуға жәрдемдесу;
  • шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік үй-жайларды және өзге де мүлікті шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізу;
  • мал шаруашылығын және асыл тұқымды мал шаруашылығын ұлғайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • асыл тұқымды мал шаруашылығына субсидия алу үшін фермалардан ұсынылған құжаттарды өңірге ұсыну;
  • мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оның қызмет бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
  • құқықтық қызмет көрсету міндеттерін орындау жұмыстарын ұйымдастыру, нормативтік актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын дайындау.

 

Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

Мекемеге басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

  • Қазақстан Республикасының заңдарының, Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының орындалуын ұйымдастырады және олардың орындалу барысы туралы жоғары тұрған органдарды жүйелі түрде хабардар етеді;
  • бұйрықтар шығарады;
  • мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
  • мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
  • заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен келісімдер мен өзге де заңды мәмілелер жасасады;
  • сенімхаттар береді;
  • мекеменің актілеріне қол қояды;
  • мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • мекеме қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындайды;
  • мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
  • заңнамада және осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Мекеме басшысы басқарады.

 

Мекеменің мүлкі

Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.

Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқылы емес.

 

Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
09 апреля 2026