Қосымша ___
Қызылқоға ауданы әкімдігінің ___
2025 жылғы ___ қаңтардағы шешіміне
ЕРЕЖЕ
«Қызылқоға ауданының Қызылқоға ауылдық округі әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Қызылқоға ауданының Қызылқоға ауылдық округі әкімдігінің аппараты» (әрі қарай – әкім аппараты) – ауылдық округ әкімінің (әрі қарай – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкім аппараты – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық формасындағы заңды тұлға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде атауы бар мөрлер мен штамптарға, бекітілген үлгідегі бланкілерге, қазынашылық органдарындағы есеп-шоттарға ие.
- Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы.
- Әкім аппаратының ережесі және құрылымы аудан әкімдігімен бекітіледі.
- Әкім аппаратының толық атауы мен заңды мекен-жайы:
Мемлекеттік мекеме «Қызылқоға ауданының Қызылқоға ауылдық округі әкімдігінің аппараты».
060503, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы, Игілікұлы Алжан көшесі, 7 үй.
- Әкім аппараты аудан әкімдігімен құрылып, қайта ұйымдастырылады және жойылады.
- Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппараты өз функциялары шегінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарт жасасуға құқылы емес.
2-тарау. Әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері:
- Ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- жергілікті мәселелерді шешу.
- Функциялары:
- Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қауымдастық сходын, ауыл, көшелер, көппәтерлі үйлер тұрғындарының жеке сходын және мәжілісін ұйымдастыру;
- сход немесе мәжіліс туралы ақпаратты он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа жолдар арқылы жариялау;
- қабылданған шешімдерді орындауды қамтамасыз ету;
- ауылдық округ бюджетін жоспарлау және орындау;
- бюджет бойынша есеп беруді ұйымдастыру;
- жергілікті қауымдастықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;
- коммуналдық мүлікке қатысты құрылыс, жөндеу және қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру;
- коммуналдық мүліктің мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуын бақылау;
- коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты құқықтарды жүзеге асыру;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін басқару, сақтау және қажет болса басқа тұлғаға беру;
- коммуналдық мүлікті қорғау, меншік құқығын қамтамасыз ету;
- сенімгерлік басқарушының міндеттерін орындауын бақылау;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын бақылау;
- коммуналдық мүлікті есепке алу және тиімді пайдалану.
- Әкім аппараты жергілікті қауымдастық мәжілісімен келісім бойынша:
- коммуналдық мүлікті басқаруға қатысты нормативтік актілер жобаларын әзірлеу;
- коммуналдық мүлікті басқару және қорғау;
- коммуналдық мүлікті приватизациялау, бағалау, сатуды ұйымдастыру;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызмет саласын және түрін анықтау;
- мүлікті алып тастау немесе қайта бөлу;
- артық немесе дұрыс пайдаланылмаған мүлікті жою;
- коммуналдық мүлікті жалға беру немесе сенімгерлік басқаруға беру;
- коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, жою;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне қатысты шешімдер қабылдау;
- мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын бекіту және бақылау;
- коммуналдық мүлікті пайдалануды реттеу (залога беру, жалға беру, тегін пайдалану, сенімгерлік басқару);
- коммуналдық мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге құзыреттерді орындау.
- Құқықтары:
- қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрау және алу;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыру;
- ақпараттық базаларды пайдалану;
- келісімшарттар жасау;
- заңда көзделген өзге құқықтар.
- Міндеттері:
- мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
- Президент, Үкімет, облыс және аудан әкімдігінің тапсырмаларын орындау;
- заңда көзделген өзге міндеттерді орындау.
- Ауылдық округ әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастырады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің тиісті баптары бойынша айыппұл қолданады.
3-тарау. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру
- Әкім аппаратының басшысы – ауылдық округ әкімi.
16. Әкімнің құзыреті:
- аппаратының жұмысын ұйымдастыру;
- қабылданған шешімдерді орындауды қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау;
- бюджеттік жоспарларды бекіту;
- тұрғын үй қорын инвентаризациялау;
- авариялық тұрғын үйлерді сүруді ұйымдастыру;
- ауыл тұрғындарын микроқаржыландыруға жәрдемдесу;
- заңда көзделген өзге құзыреттерді орындау.
- Әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
18. Орынбасардың міндеттері мен құзыреттері заңға сәйкес анықталады.
19. Әкім аппараты қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтауға міндетті.
4-тарау. Әкім аппаратының мүлкі
- Әкім аппараты заңда көзделген жағдайда жеке мүлікке ие бола алады.
21. Әкім аппаратына берілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады.
22. Әкім аппараты жергілікті қауымдастық мәжілісімен келісіп, мүлікті пайдалану немесе басқа жолмен бөлу құқығына ие, егер заңда өзгеше көрсетілмесе.
5-тарау. Әкім аппаратының қайта ұйымдастырылуы және жойылуы
- Қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдық округ әкімі: З. Шаликов