Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы
«___» __________ № __ қаулысына
4-қосымша
ЕРЕЖЕ
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкім аппараты ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Әкім аппараты туралы Ереже мен оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
- Әкім аппаратының толық атауы және заңды мекенжайы:
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
060502, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Халел Досмұхамедов көшесі, №14 үй.
- Ауылдық округ әкімінің аппараты аудан әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
- Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппаратына өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Ауылдық округ әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері:
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
- Функциялары:
- Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- олар өткізілетін күнге дейін кемінде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары немесе өзге де тәсілдер арқылы олардың өткізілу уақыты, орны және қаралатын мәселелер туралы хабарлайды;
- жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жиналысында қабылданып, ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- ауылдық округ бюджетін жоспарлау мен атқаруды қамтамасыз етеді;
- ауылдық округ бюджетін орындау туралы есепті жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ұсынады;
- ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
- жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және бекітуге ұсынады;
- ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
- коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- алынған мүлікті басқа тұлғаға бергенге дейін сақтау мерзімін белгілейді және кейін баланстан есептен шығаруды қамтамасыз етеді;
- коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, меншік құқығын қорғайды;
- сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылайды;
- коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын талдайды және бақылайды;
- коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады және оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
- құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
- коммуналдық мүлікті басқарады және қорғау шараларын жүзеге асырады;
- коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады;
- коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын айқындайды;
- мүлікті алып қою немесе қайта бөлу жұмыстарын жүргізеді;
- артық немесе мақсатсыз пайдаланылатын мүлікті алып қояды;
- мүлікті жалға, сенімгерлік басқаруға береді;
- коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
- кәсіпорындарға мүлікке билік етуге келісім береді;
- жарғыларды бекітеді және өзгерістер енгізеді;
- қызметтің басым бағыттарын айқындайды;
- даму жоспарларын бекітеді және олардың орындалуын бақылайды;
- мүлікті кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мүлікті бекітеді;
- мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:
- қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруға;
- дерекқорларды пайдалануға;
- шарттар мен келісімдер жасасуға;
- өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
- Міндеттері:
- мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
- жоғары органдардың актілері мен тапсырмаларын уақтылы орындау;
- заңнамада көзделген өзге міндеттерді орындау.
3-тарау. Әкім аппараты қызметін ұйымдастыру
- Әкім аппаратын әкім басқарады.
- Әкімнің өкілеттіктері:
- аппарат жұмысын ұйымдастырады;
- қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды;
- қаржы жоспарын бекітеді;
- тұрғын үй қорын түгендейді;
- апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
- микрокредиттеуге жәрдемдеседі;
- өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
- Орынбасардың өкілеттіктерін әкім айқындайды.
- Әкім қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Әкім аппаратының мүлкі
- Әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
- Мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Әкім аппараты мүлікке билік етуге құқылы (заңнамаға сәйкес).
5-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату
- Қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Ойыл ауылдық округінің әкімі
А. Ақбалашұлы