ЕРЕЖЕ «Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2024 жылғы « _ » ____________
қаулысына қосымша

ЕРЕЖЕ
«Қызылқоға ауданы Қөздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкім аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Әкім аппараты туралы Ереже және оның құрылымы аудан әкімдігімен бекітіледі.
  7. Әкім аппаратының толық атауы және заңды мекенжайы:
    «Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
    060505, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы, Аманкелді Декеев көшесі, 34 үй.
  8. Ауылдық округ әкімінің аппараты аудан әкімдігімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
  9. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  10. Әкім аппаратына өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. Ауылдық округ әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеттері:
    Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
  2. Функциялары:
  1. Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:
    жергілікті қоғамдастық жиналысын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жиналыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
    жергілікті қоғамдастық жиналысы мен жиынының өткізілетін уақыты, орны және қаралатын мәселелері туралы олар өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары немесе өзге тәсілдер арқылы хабарлайды;
    жергілікті қоғамдастық жиналысында немесе жиынында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
    ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
    жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің орындалуы туралы есеп береді;
    ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
    жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны бекітуге ұсынады;
    ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жататын объектілерді салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;
    коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
    коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
    коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті сақтау мерзімін белгілейді;
    коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді және меншік құқығын қорғайды;
    сенімгерлік басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылайды;
    коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларын орындауын бақылау және талдау жүргізеді;
    коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
  2. Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
    коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
    коммуналдық мүлікті басқарады және оны қорғау шараларын жүзеге асырады;
    коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
    коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындайды;
    коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін алып қою немесе қайта бөлу жүргізеді;
    артық немесе пайдаланылмайтын мүлікті алып қояды;
    мүлікті жалға, сенімгерлік басқаруға береді;
    коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
    коммуналдық кәсіпорындарға мүлікке қатысты келісім береді;
    коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын бекітеді;
    қызметтің басым бағыттарын айқындайды;
    коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларын бекітеді;
    коммуналдық мүлікті пайдалану туралы шешім қабылдайды;
    коммуналдық мүлікті бекітеді;
    коммуналдық мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Құқықтары:
    қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға;
    мүліктік және мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруға;
    ақпараттық базаларды пайдалануға;
    шарттар мен келісімдер жасауға;
    заңнамада көзделген өзге де құқықтарға ие.
  2. Міндеттері:
    халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
    Президент, Үкімет, әкімдер мен өзге органдардың актілерін уақытылы орындау;
    заңнамада көзделген өзге міндеттерді орындау.

3-тарау. Әкім аппараты қызметін ұйымдастыру

  1. Әкім аппаратын әкім басқарады.
  2. Әкімнің өкілеттіктері:
    аппарат жұмысын ұйымдастырады;
    жергілікті қоғамдастық шешімдерін қарайды және орындалуын қамтамасыз етеді;
    қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды;
    қаржы жоспарларын бекітеді;
    тұрғын үй қорын түгендейді;
    апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
    микронесиелеуге жәрдем көрсетеді;
    заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  3. Әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
  4. Әкім оның өкілеттіктерін айқындайды.
  5. Әкім қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
  6. Әкімдер әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарайды және заңнамада көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады.

4-тарау. Әкім аппаратының мүлкі

  1. Әкім аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы мүлікке ие болуы мүмкін.
    Мүлік меншік иесі берген мүліктен және өз қызметі нәтижесінде алынған мүліктен қалыптасады.
  2. Әкім аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігі болып табылады.
  3. Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша мүлікке билік ете алады.

5-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

ЕРЕЖЕ «Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
Дата публикации
09 апреля 2026