Қызылқоға ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша
«» _______ 2022 жылғы №
ЕРЕЖЕ
«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
- Жалпы ережелер
- Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі (бұдан әрі – Мекеме) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, аудан көлемінде күрделі құрылыс мәселелері бойынша мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
- Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттік мекеме мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Мемлекеттік мекеме өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі, №46.
- Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекемеге өз өкілеттіктеріне жататын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
- Мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
- Міндеттері:
- экономикада энергия ресурстарына деген қажеттілікті қамтамасыз ету, аудан экономикасының энергетикалық секторын дамыту, су, газ, жылу және өзге де инженерлік коммуникациялар саласындағы коммуналдық желілерді дамыту;
- энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдары саласында техникалық көрсеткіштерді әзірлеуге жәрдемдесу.
- Өкілеттіктері
1) Құқықтары:
- бөлімге бөлінген қаржы қаражаттарын басқару, қаржылық құжаттар мен шығыс сметаларына қол қою, өз өкілеттігі шегінде қызметкерлерді материалдық ынталандыру және сыйақыландыру мәселелерін анықтау және шешу, өзге де міндеттерді шешу;
- аудан әкімдігі мен жоғары тұрған органдар алдында есеп беру;
- аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, жөндеу, қайта жаңарту және күтіп-ұстау жұмыстарын нормативтік талаптарға сәйкестігін бақылау;
- құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне Құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып техникалық бақылау жүргізу және қажет болған жағдайда жұмыстарды тоқтатуға дейін нұсқама беру;
- өнеркәсіптік, құрылыс, коммуналдық-көліктік, энергетикалық кәсіпорындардың қызметіне жәрдем көрсету және бақылау;
- ұжымдар мен жеке тұлғалардан түскен ұсыныстарды, шағымдар мен өтініштерді тексеруді ұйымдастыру және қатысу;
- халықты сумен, газбен, жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететін субъектілердің жұмысын бақылау;
- тұрғын үй-коммуналдық қорды, әлеуметтік және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастыруға жәрдем көрсету және қатысу;
- осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- тұрғын үйлерді күтіп ұстау сапасын бақылау бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ меншік иелеріне консультациялық көмек көрсету.
2) Міндеттері:
- өндірістік және тұрғын үй-коммуналдық объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге қажеттілікті анықтау;
- аудандық маңызы бар жолдар бойынша жұмыстардың сапасын мемлекеттік бақылау және қабылдау;
- техникалық тапсырмалар дайындау, мердігерлермен шарттар жасау және олардың орындалуын бақылау;
- жобалық-сметалық құжаттамалардың дұрыстығын тексеру;
- құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау;
- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін субсидиялау жұмыстарын жүргізу;
- бөлімдермен және әкім аппаратымен үйлестіріп жұмыс істеу;
- көшелер мен жолдардың санитарлық жағдайын бақылау;
- автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- жолаушылар мен багаж тасымалдау қағидаларын бекіту;
- такси қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету;
- өтініштер мен шағымдарды қарау;
- коммуналдық мүлікті есепке алу, сақтау және тиімді пайдалану;
- жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және бақылау;
- мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- өзге де заңнамада көзделген міндеттерді орындау.
- Функциялары:
- мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік актілер әзірлеу;
- автомобиль жолдарына техникалық шарттар беру және келісу;
- автостанциялар тізілімін жүргізу;
- аудандық маңызы бар жолдардың тізбесін бекіту;
- коммуналдық объектілерді жөндеу және бақылау;
- тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу;
- қаржыландыру жоспарларын әзірлеу;
- жобалық құжаттамаларды қарау және бекіту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;
- кондоминиум объектілерін техникалық тексеру;
- тұрғын үйлерді маусымдық пайдалануға дайындау;
- коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау және пайдалану;
- тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және техникалық тексеру;
- мемлекеттік сатып алу және сараптама порталдары арқылы жұмыс жүргізу.
- Мекеме басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
- Мекемеге басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады және ол жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
- Бірінші басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Бірінші басшының өкілеттіктері:
- қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға жауапты болады;
- қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;
- тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
- мекеме атынан құжаттарға қол қояды;
- мемлекеттік органдарда мекеме мүддесін білдіреді;
- штаттық кестені бекітеді;
- өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басшы болмаған жағдайда оның міндеттерін заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Мекемені қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалатын басшы басқарады.
- Мекеменің мүлкі
- Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
Мекеменің мүлкі меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.
- Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншік болып табылады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
- Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.