Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту қалай жүзеге асырылады.
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сай, "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды түрде көрсетіледі.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу мынадай жағдайларда:
1) жер учаскелерін бөлген кезде;
2) жер учаскелерін қосу (біріктіру);
3) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекаралары, алаңдары) өзгерген;
4) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу жағдайларында жүргізіледі.
Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы www.egov.kz (e.license) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және eatyrau арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтініш;
2) электрондық жерге орналастыру жобасы.
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту"көрсетілетін мемлекеттік қызмет жоғарыда аталған қағидаға сай, төрт жұмыс күн ішінде Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы бекітіледі.
Қызылқоға аудандық жер қатынастары
сәулет және қала құрылысы
бөлімінің бас маманы Ж.Махметова