Техникалық байқау міндетті шара

Техникалық байқау міндетті шара.

Қаһарлы қыс артта қалып, жайма шуақ көктем де келіп жетті. Бұл тіршілік атаулыға жан бітіп, оянатын мезгіл. Сонымен қатар, енді бір-екі айда нәсібін даладан терген шаруашылық құрылымдары, шаруа қожалықтары және жеке тұрғындар техникалары мен құрал-саймандарын сайлап, қысқы мал азығын дайындау және егіс егу қамына кіріседі. Осы орайда, биылғы жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №269 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сай техникалық байқау жүргізіледі. Жылына бір рет өткізілетін техникалық байқау техникалардың жай күйін тексеріп, олардың санын, кімнің меншігі екендігін біліп қана қоймай, қоршаған ортаның ластануы мен экологиялық жай-күйіне тигізетін әсерін есептеу, ауданымыздың техникалық жарақтану көрсеткішін анықтау болып табылады.                                                                                             Құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Тағы ескерте кетер жайт техникалық байқаудан өткізу туралы өтініш электронды түрде қабылданады. Сондықтан техника иелері өздеріне электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ашуы керек. Мемлекеттік техникалық байқаудан өту үшін заңды тұлғалар (не оның оның сенімхат бойынша өкілі) теңгерімде (баланста) тұрған техникалардың тізімі (маркасы, моделі, шыққан жылы, зауыттық, қозғалтқыш нөмірлері, мемлекеттік белгісі) техникалық паспорты және заңды тұлғаның мөрімен расталған техникаларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу актісін ұсынады. Ал, жеке тұлғалар (не оның оның сенімхат бойынша өкілі) осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт) қажет. Техникалық байқау кезінде машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi. Сонымен қатар, машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) "Ақаусыз" деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға "Ақауы бар" деген жазу жазылады, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 2026 жылға техникаларды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу орны, мерзімі және уақыты әр ауылдық округтер бойынша белгіленді. Атап айтар болсақ: Миялы ауылдық округінде 7-9 сәуір, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара ауылдық округтерінде 14-16 сәуір күндері, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінде 21-23 сәуір күндері, Сағыз, Мұқыр ауылдық округтерінде 28-29 сәуір күндері, Тайсойған ауылдық округінде 5 мамыр күні өткізіледі деп жоспарлануда. Сондықтан, шаруа қожалықтар мен кәсіпорын, мекеме басшылары және жеке тұрғындар барлық ауыл шаруашылығы техникаларының уақытымен байқауға қатысуына көңіл бөлулері қажет.

Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

 

 

 

 

 

Техникалық байқау міндетті шара
Дата публикации
27 марта 2026