«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е

 

                                                                    

 

 

 

 

 

 

«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қызылқоға ауданы  әкімдігінің

                                                                          2019 жылғы «      »___________    

 №_____ қаулысына қосымша

 

 

«Қызылқоға  аудандық  ішкі  саясат  бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазакстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құкықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтык-кұқықтык қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер кабылдайды.
  7. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, 060500, Миялы селосы, Абай Құнанбаев көшесі, 4 үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  12. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қызылқоға аудандық  ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру кұқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы

1) құқықтары мен міндеттері

2) функциялары

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасындағы ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады

          14.Міндеттері:

1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылма-жылғы Жолдауы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттауға ат салысу;

3) аудандағы қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму үрдісін зерделеу;

4) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

5) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған сауалдар жүргізу;

6) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

7) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

9) аудандағы діни ахуалды зерделеу, дінге қатысты мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді.

  1. Функциялары:

1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруға қатысу, аудандық қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсынымдар беріп, жұмыстарды ұйымдастыруға және қазақстандық  отансүйгіштікті насихаттау мен тәрбиелеуге қатысу;

2) бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын дайындау;

3) бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша облыстық басқармалардың, министрліктер мен ведомствалардың тиісті аудандық бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланыс орнату;

4) жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық-саяси, мәдени шараларға қатысып, саяси жағынан қамтамасыз ету ;

5) ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүргізу;

6) ауданның ішкі саяси мәселелері бойынша аудан әкімдігінің мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысу;

7) аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ғылыми-практикалық шараларды, конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен өзге де танымдық шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

8) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Құқықтары:

         1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұрауға, бөлім құзырына жататын мәселелерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құруға;

2) аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауға;

3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне бөлім қызметі саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

4) бөлім құзіретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін алқа мәжілісіне қою, олардың қорытындылары бойынша аудан әкіміне анықтама беруге;

5) ішкі саясат саласы мен адам құқығын сақтау және бөлім құзырындағы өзге де мәселелерге қатысты мемлекеттік органдардың лауазым иелеріне ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;

6) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

7) тиісті саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындауға;

8) тиісті саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

9) облыстық қаржы басқармасына немесе аудандық экономика және қаржы бөліміне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім беруге;

10) тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;

11) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;

12) тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыруға құқылы;

13) бөлім функциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті болып танылады, сондай-ақ әкімшілік хаттама толтырады;

14) осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілдерді жүзеге асырады.

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кызметін ұйымдастыру

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және онын функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қызылқоға ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлердің өкілеттігін және міндеттерін белгілейді;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

3) өз құзіреті шегінде бұйрықтар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

4) бөлімді ұстауға бөлінген жалақы қоры мен қызметкерлер лимиті шегінде шығындарды және штаттық кестені бекітеді;

5)  заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;

6) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

«Қызылқоға аудандық  ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін колданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

мүлкі

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жагдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қызылқоға аудандық  ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалык коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін кайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Қызылқоға аудандық ішкі

саясат бөлімінің басшысы                                                      А.Қ.Жақсиев

 

«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Дата публикации
03 декабря 2020