2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау

 

      2020 жылдың 1 қарашасына Қызылқоға ауданы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 236 отбасындағы 1381 адамға 71,0  млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

       Оның ішінде 11 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 228 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды.

       АӘК алатын отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға орта есеппен 184 балаға 7,1 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

       Мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығы негізінде төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезінде кейбір жекелеген санаттарға 5567 теңгеден 3405 адамға  70,8  млн теңге азық-түлік және тұрмыстық жиынтығының құны тағайындалып төленді.

       Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында аудан бойынша 3 отбасына 22,6 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

      Үйде тәрбиленетінжәне оқитын 19 мүмгедек балаға 873,3 мың теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

     Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 1087 қызметкеріне 5,4 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін бір жолғы көмек төленді.

       Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 1451 азаматқа 43,8 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау
Дата публикации
03 декабря 2020