Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округінің сайланған әкімін
тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Тайсойған ауылдық округінің әкімі болып Бекешов Нурлан Муратович, 1967 жылы туған, «Атырау облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы «Қызылқоға аудандық мансап орталығы» директоры, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны тіркелді.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы