Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

2026 жылғы 1 наурызда Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:

Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 460 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 241. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 4. «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекешов Нурлан Муратовичке

-    137

Ғазезова Алмагүл Әлібекқызына

-     45

Қазыбеков Қуаныш Амангелдіұлына

-     59

Тайсойған ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Бекешов Нурлан Муратович, 1967 жылы туған, «Атырау облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ филиалы «Қызылқоға аудандық мансап орталығы» директоры, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны сайланды.

                                                                            Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
03 марта 2026