2019 жылға аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау
2019 жылы Қызылқоға ауданы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 398 отбасындағы 2345 адамға 287,4 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Оның ішінде 21 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 377 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды.
Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында аудан бойынша 8 отбасына 122,4 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.
Үйде тәрбиленетін және оқитын 18 мүгедек балаға 888,8 мың теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 1087 қызметкеріне 5,4 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін бір жолғы көмек төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 1284 азаматқа 43,3 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.