2018 жылға аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау

2018 жылға аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау

      2018 жылы Қызылқоға ауданы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 213 отбасындағы 1172 адамға 40,7  млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

       Оның ішінде 5 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 208 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды.

         Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында аудан бойынша 22 отбасына 187,1 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

      Үйде тәрбиленетін және оқитын 20 мүгедек балаға 607,6 мың теңге материалдық көмек тағайындалып, төленді.

     Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 1100 қызметкеріне 5,5 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін бір жолғы көмек төленді.

       Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 1273 азаматқа 43,5 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылға аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау
Дата публикации
02 декабря 2020